Жиын-терін аяқталып келеді

Жиын-терін  аяқталып келеді
ашық дереккөз
Жиын-терін аяқталып келеді

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, өңірімізде картоп, көкөніс, жүгері және майлы дақылдарының жиын-теріні аяқталуға жақын. Бұл тұрғыдағы жұмыстардың қорытындысын шығаруға әлі ертелеу. Алайда атап өтерлік жақсы нәтижелер бар.

Биыл өңірімізде картоп – 9011, көкөніс – 28237, бақша дақылдары – 11237, жүгері – 5702, майлы дақылдар – 89801, қытай бұршағы – 1005, қант қызылшасы – 9548,2 гектар алқапта өсірілгені белгілі. 20 қазандағы мәліметке сәйкес облыстағы «екінші нан» өнімінің жиын-терін жұмыстары 98 пайызға орындалып отыр. Нақтырақ айтқанда, 8831 гектар алқаптың өнімі жиналып алынды. Облыс бойынша әр гектарға шаққанда орташа өнімділік картопта – 229,1, көкөністе – 265,6, дәндік жүгеріде – 63,4, майлы дақылдарда – 6,9, бақша дақылдарында 270, 2 центнерден айналуда. Өңіріміздегі қант қызылшасын өсірумен айналысатын шаруашылықтардағы күзгі қазық жұмыстары басталғанына да аса көп уақыт өте қойған жоқ. Тәтті түбір өнімдерінің жиналу пайызы әзірге 15,4 пайызды құрап отыр. Қант зауыттарына 20 қазанға дейін өткізілгені – 31007, 9 тонна өнім жөнелтілген. Облыста бұл дақыл түрінің әр гектарынан орташа есеппен 273, 7 центнерден өнім жиналу үстінде. Айта кету керек, осы аралықта өңірімізде межеленген 100100 гектар алқаптың 99 840 гектары күздік бидай егуге дайындалып, 86 982 гектарына дән себілген. Ал сүдігер көтеру жұмыстары белортадан ауды.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар