Тараз

Тараз
ашық дереккөз
Тараз

Мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталықтың «Бозторғай» ән-би ансамблінің хор үйірмесінің оқушылары Алматыда өткен VI «Ғұмырдария» халықаралық ән-би байқауында жүлделі орындарға ие болды. Оқушылар Марат Думан, Қажымұрат Еркін І орын, Балнұр Карлова ІІ орын, Алдияр Жарықбаев ІІІ орынды иеленді. Олар енді республикалық телевизиялық «Айгөлек» байқауына қатысатын болады.

* * * Жамбыл облыстық қаржы полициясы басқармасы Н. Тілендиев атындағы мектеп-интернатта оқитын үш жүз елуге жуық баланы үлкен қуанышқа бөледі. Шаңырақ көтергеніне 20 жыл болған мекеме қызметкерлері интернатқа музыкалық аспаптар тарту етті. Айту керек бұл мектептің әр екінші оқушысының музыкалық білімі бар. Қаржы полициясы қызметкерлері «20 игі іс» акциясын өткізе отырып, «Қамқор ана» қайырымдылық қоры мен ондағы мүгедек балаларға материалдық көмек көрсетті.

Ұқсас жаңалықтар