«Ана» деген ие екенмін ұлы атқа

«Ана» деген ие екенмін ұлы атқа
ашық дереккөз
«Ана» деген ие екенмін ұлы атқа

Райхан МӘСЕЛБЕК.

Өміріме шуақ шашып күн нұры, Жылдар жылжып өтіп жатыр бұйығы. Көңіл-керуен сыр шертеді ғасырдан, Сезім-кәусар лайланбайтын тұнығы.

Аңғалдықпен із қалдырып соңынан, Бала болдық бақытына шомылған. Еркелікті ізетпенен жүгендеп, Бой түзедік жүректерге қонып ән.

Жастық желік жаныма әкеп теліп мұң, Өлең деген «өсекшіге» еліттім. Уыз уақыт уысымда тұрмады, ...Қадірлемей жастығымды келіппін.

Үйретеді екен өмір сабағын, Тағдыр-кітап жазып жатыр тарауын. Пенделік пен пейілімді жеңдіріп, Кішіліктің биігінен қарадым.

Мықтымын деп төзсем-дағы сынаққа, Адамда арман, таусылмайды мұрат та. Жаратқанның маған берген нығметі, «Ана» деген ие екенмін Ұлы атқа.

Қызыләуіт ауылы, Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар