Тараз қаласында «өлім ойынына» тіркелген оқушымен психологтар жұмыс істей бастады
Әлеуметтік желідегі «өлім ойынына» тіркелген оқушылар облысымыздың аумағынан да шығып жатыр. Әсіресе, Тараз қаласында тұратын 8-сынып оқушысы Вконтакте әлеуметтік желісінде осы ойынға тіркеліп, алғашқы екі талабына жауап беріп үлгеріпті. Кәмелетке толмағандар арасында тараған «өлім ойындары» облыстық білім басқармасын, қалалық, аудандық білім бөлімдерін бейжай қалдырмайды деген ойдамыз. Егерде мектепте осы ойынға тіркелген оқушыны байқаған мұғалім болса, оны жасырмай мектеп әкімшілігіне хабарлап, ол баламен психолог жұмыс жасау керек. Мұғалім «Мектепке ұят келтіретін болдым, директордан ұрыс еститін болдым» деген ойдан арылса игі. Ең бастысы, «өлім ойындарына» шырматылған балалардың дер кезінде тағдырына араша түсу мұғалімнің азаматтық міндеті. «Синий кит» немесе «Тихий дом» ойындарының шарты бойынша әрбір қатысушы 50 тапсырма орындауы керек екен. Алғашқы тапсырма білегіңді тіле отырып, киттің суретін салу, ал соңғы тапсырма өз-өзіңе қол жұмсау. Кәмелеттік жасқа толмаған, өзін қорғауға дәрменсіз іні-қарындастарымыздың тағдырына қауіп төніп тұрғанда қоғамдағы белсенді тұлғалар сырт қалмай, үн қатады деген ойдамыз. Жасөспірімдер және жас ата-аналар дәл қазіргі уақытта дуалы ауыз қарияларымыздың жол көрсетуіне зәру болып отыр. «Өлім ойынына» еліткен оқушылардың беті бері қарайды дегенге үміттенейік, ағайын. Ал жеткіншектерді әлеуметтік желіде қасақана өлімге итермелегендер заң алдында жауап беруі керек.
Қанат Тілепберген, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді