Назарбаев зияткерлік мектептері алғаш рет өз жетістіктерін көпшілікке паш етпек

Назарбаев зияткерлік мектептері алғаш рет өз жетістіктерін көпшілікке паш етпек
ашық дереккөз
Назарбаев зияткерлік мектептері алғаш рет өз жетістіктерін көпшілікке паш етпек

Ақпанның 18-і күні «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ осы уақытқа дейін атқарылған жұмыстар бойынша есеп бермек.

«Сол күні сағат 16:00-де Астанадағы ескі Конгресс-xолда (қазіргі «Астана» концерт залы) есеп беру шаралары өтеді. Онда барлық Назарбаев зияткерлік мектептерінің оқыту мен тәрбие беру жұмыстары таныстырылады. Арнайы шеберлік сабақтары ұйымдастыралады. Сондай-ақ мектеп оқушыларының өз қолымен жасаған бұйымдары арнайы сатылым көрмесіне шығарылатын болады. Біз алғаш рет Назарбаев зияткерлік мектептерінде оқитын балалардың жұмыстарын xалықтың назарына ұсынамыз», - деді «Назарбаев зияткерлік мектептері» АҚ басқарма төрайымы Күләш Шәмшидинова бүгін Астанада өткен бір жиында. Өз сөзінде ол концерт залын 1,8 млн. теңгеге жалға алуға тура келгенін, бірақ ол ақшаны демеушілер өтеп беруге ниет білдіргенін жеткізді. Айта кетейік, биылғы Жолдауға арналған жиында Шәмшидинова «біз білмейтін» мамандықтарды жариялады. Оның айтуынша, баланы бәрін білуге үйреткен жақсы. Бірақ ол соны пайдалана алмаса, бүкіл еңбектің зая кеткені. «Бір ғана мысал келтірейін, журналистер Эйнштейіннің мектеп бағдарламасындағы кейбір формулаларды білмейтінін естіп, оған сұрақ қойыпты. Нобель сыйлығының лауреаты мектеп бағдарламасын білмей, сыйлықты қалай алғанын сұрағанда Эйнштейн: «Менің кабинетінде бір шкаф бар. Оның ішінде менен де артық білетін энциклопедиялар жатыр. Бірақ Нобель сыйлығын шкаф емес, мен алдым», деді ол. Міне, осы мысалдың өзі баланың жадысын ақпаратпен толтыра беруден ешбір пайда жоқ екенін көрсетеді. Баланы ақпаратпен жұмыс істеуге, оны талдауға үйрету керек. Ол өзіне қажетті ақпаратты таба білуі керек», - деп атап көрсетті Шәмшидинова.

ақпарат көзі: kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар