Командалық шорт-тректен медаль түсті

Командалық шорт-тректен медаль түсті
ашық дереккөз
Командалық шорт-тректен медаль түсті

Алматыда өтіп жатқан 28-ші қысқы Универсиада ойындарында шорт-трекші қыздар 3000 метрге жүгіруден командалық сайыста қола жүлде еншіледі.

Қазақстан құрамасы сапында Ким Йонга, Анастасия Крестова, Анита Нагай, Ольга Тихонова, Мадина Жанбосынова өнер көрсетті. Бірінші орынды Оңтүстік Корея жеңіп алды. Күміс жүлде қытайлықтарға бұйырды.

Бүгін сондай-ақ Абзал Әжғалиев, Айдар Бекжанов, Денис Никиша, Нұртілек Қажғалиев, Нұрберген Жұмағазиев бастаған ерлер құрамасы 5000 метр қашықтықта жүлдеге таласады.

ақпарат көзі: Baq.kz 

Ұқсас жаңалықтар