Әйелдер құрамасының әлем чемпионаты іріктеуіндегі қарсыластары белгілі болды

Әйелдер құрамасының әлем чемпионаты іріктеуіндегі қарсыластары белгілі болды
ашық дереккөз
Әйелдер құрамасының әлем чемпионаты іріктеуіндегі қарсыластары белгілі болды
Швейцарияның Ньон қаласында әйелдер арасында 2019 жылғы Әлем чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды.

Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы іріктеу кезеңінде Эстония, Латвия және Грузия құрамаларымен бірге бірінші топқа түсті. Ойындар 6-11 сәуір аралығында Грузияда өтеді.

Топ жеңімпаздары мен екінші орын алғандардың ішінде ең жақсы көрсеткішке ие болған команда (топтағы бірінші және үшінші команданың ойын нәтижесі арқылы анықталады) іріктеу кезеңінің келесі кезеңіне шығады. Қыркүйек айында басталатын екінші іріктеу кезеңінің жеребесі 25 сәуірде тартылады.

Әлем чемпионатының финалдық турнирі 2019 жылдың жазында Францияда өтеді.

ақпарат көзі: Baq.kz  

Ұқсас жаңалықтар