Қазақстанда nFactorial Challenge мобильді қосымшалар чемпионаты өтеді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, чемпионаттың жүлде қоры 30 000 АҚШ долларын құрайды. Мобильді қосымшалардың қазақстандық біріншілігінде жеңімпаз атанғандар ақшалай сыйлықпен қатар, 12 аптаға Кремний алабына жолдама алады. Чемпионат еліміздің ең ірі үш қаласында өтпек: 21 қаңтарда Алматыда ҚБТУ, 28 қаңтарда Қарағандыда ҚарМУ және 11 ақпанда Астанада Nazarbayev University. 3 жеңімпаздың әрқайсысы Академик Ш.Есенов атындағы білім беру қорынан $10,000 алады. Әрбір қатысушы өзінің өнімі туралы таныстырылымды 2 минутта өткізе білуі шарт. Өнім кез келген даму сатысында: идея, прототип және іске қосылған қосымша болса да, қазылар алдына ұсыныла алады.
ақпарат көзі: kazinform.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ән мен жырдың киесі
- 4 сәуір, 2024
Хабарландыру
Жапон құбылысының сегіз қағидасы
- 20 мамыр, 2024
Қазақстандықтардың зейнетақы шотына алғашқы жарналар түсті
- 15 мамыр, 2024
Таразда электромобильдерді қуаттайтын бекеттер орнатылуда
- 14 мамыр, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді