Халифа Алтайдың 100 жылдығы кең көлемде аталып өтеді
- author «Ақ жол»
- 18 қаңтар, 2017
- 109
Мерейтой кезінде «Ғылым Ордасының» кітапханасы «Қазақстан ғалымдарының библиографиясы» сериясы бойынша «Алтай Халифа Ғақыпұлы» атты кітап шығарылады. Бұдан бөлек «Халифа Алтай және қайта оралған тарих» атты конференция және фотосурет көрмесі ұйымдастырылып, Халифа Алтай туралы деректі фильм түсіріледі деп жазады Егемен Қазақстан.
1917 жылы Қытай Халық Республикасында өмірге келіп, 2003 жылы 15 тамызда Қазақстанда қайтыс болған Халифа Алтайды бүгінде жұртшылық сан қырлы өнер иесі ретінде таниды. Қазақ диаспорасының көрнекті қайраткері қасиетті «Құран Кәрім» кітабының қазақ тіліндегі тұңғыш аудармашысы ғана емес, 1989-1990 жылдардағы баспагері, дінтанушы, исламтанушы, жазушы, ақын, антрополог, тарихшы, этнограф, аудармашы, қоғам қайраткері ретінде тарихта қалды. «Алаш» сыйлығының алғашқы лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Ол атажұртқа Елбасының шақыруымен Түркиядан оралған еді. «Құран Кәрім» кітабының қазақ тіліндегі тұңғыш аудармашысы туралы кезінде ҰҒА құрылтайшыларының бірі әл-Машани: «Осы аударма мен оның түсініктерінен басқа еш нәрсе жазбаған күннің өзінде, Халифа Алтай қажыны ірі ғұлама-ғалым қатарында тануға болар еді», деп бағалаған болатын.
ақпарат көзі: Baq.kz
Ұқсас жаңалықтар
Ән мен жырдың киесі
- 4 сәуір, 2024
Хабарландыру
Жапон құбылысының сегіз қағидасы
- 20 мамыр, 2024
Қазақстандықтардың зейнетақы шотына алғашқы жарналар түсті
- 15 мамыр, 2024
Таразда электромобильдерді қуаттайтын бекеттер орнатылуда
- 14 мамыр, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді