«Ақ жолдың» ақжолтай оқырмандары 20 198 адамға жетті

«Ақ жолдың» ақжолтай оқырмандары 20 198 адамға жетті
ашық дереккөз
«Ақ жолдың» ақжолтай оқырмандары 20 198 адамға жетті

Құрметті оқырман! Өздеріңіз сүйіп оқитын газеттеріңіз діттеген межесінен көрініп, оқырмандарын ойлы дүниелерімен қуанта алды. Газетке жазылу барысында ұйымдастырылған «Ақ жол» газетінің аудандардағы күндері кезінде облыс баспасөзінің қара шаңырағы саналатын аға басылым атына айтылған жылы лебіздер де аз болған жоқ. Аудан тұрғындары газетіміздің әр нөмірін қалт жібермей оқып, ой қорытып, рухани байып, бір жасап қалатындарымен мақтанды. Бұл бізді де марқайтады. Ең бастысы, ойлы оқырмандар қарасы мол. Міне, соның нақты айғағындай болып «Ақ жол» газетін келер жылы 20 198 адам алып оқитын болады! Бұл – Тауық жылы өзінің 95 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған өңірдің бас басылымы үшін ғасырға ұласқан мәртебесін аласартпай, білім мен білік туын биік ұстайтындығының кепіліндей болып отыр. Осы орайда қазақылығының қаймағы бұзылмаған Жуалы, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Шу аудандарындағы оқырмандарымыздың басылымымызға біз ойлағандағыдан да көп жазылып, айрықша белсенділік танытқанын атап өтуге тиіспіз. Байзақ, Сарысу, Талас, Жамбыл аудандарындағы оқырмандарымызға, сондай-ақ, газетіміздің Тараз қаласы бойынша таралымын бір қыр асырып тастаған ERNUR-press, Тараз-Пресс, Эврика-пресс баламалы байланыс бөлімшелері қызметкерлеріне де айтар алғысымыз мол. Жыл сайын «Ақ жолмен» бірге болуды таңдаған көзі ашық, көкірегі ояу қауымның әркезде де сенімінен шыға береміз деген ойдамыз. Жаңа жылдарыңызбен, жамағат! Редакция алқасы.

Ұқсас жаңалықтар