Тиісті құжаттарын дайындап, ұсынуы қажет

Тиісті құжаттарын  дайындап, ұсынуы қажет
ашық дереккөз
Тиісті құжаттарын дайындап, ұсынуы қажет

Облыстық «Ақ жол» газетінің үстіміздегі жылғы 3 қараша күнгі санында жарық көрген Қостөбе ауылының тұрғыны Нұрмұханбет Құрманәлиевтің «Жеңілдіктерімді алып тастады» атты хатына орай редакциямызға Байзақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саккуловадан жауап түсті. «Н. Құрманәлиев аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азамат ретінде тіркелмеген. Сондықтан, аталған азаматтың біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы тағайындату үшін арнайы тіркеліп, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына сәйкес өтінішпен қоса сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын, тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелгенін растайтын құжаттарын, банк туралы мәліметтер немесе өтемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйыммен жасасқан шартын, 1949 жылдан бастап 1965 жылды, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру дерегі мен уақытын растайтын құжаттарын (мұрағат пен ауылдық, кенттік халық депутаттары кеңестерінің, тұрғын үй пайдалану басқармаларының, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерінің, пәтер иелері кооперативтерінің анықтамаларын, еңбек кітапшасын, оқу орнын бітіргені туралы дипломын, әскери билетін, тууы туралы куәлігін, орта білімі туралы аттестатын, негізгі мектепті бітіргені туралы куәлігін), «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен берілген куәлігін тапсыруы қажет. Егер осындағы 4) тармақшада көрсетілген құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды деректерін және кезеңін белгілеу туралы соттың шешімі ұсынылады» деп жазылған онда.

Ұқсас жаңалықтар