Болсайшы пошташының бәрі осындай

Болсайшы  пошташының бәрі осындай
ашық дереккөз
Болсайшы пошташының бәрі осындай

Жасы қырықтардағы осы бір жайдары жанның «Мыңбұлақ» мөлтек ауданы тұрғындары мен осындағы мекеме, ұйымдарға газет-журнал, хат-хабар жеткізіп беріп жүргеніне үш жылдан асты. Әне, ол жаңбыр аралас жауған қарға қарамастан сөмкесін асынып, әдеттегідей өзім жаздырып оқитын облыстық «Ақ жол» мен «Жамбыл-Тараз» газеттерін қолыма ұстату үшін есігімді қоңыраулатып тұр. Үсті-басынан су өте бастағаны, сәл-пәл шаршаңқырағаны да айқын сезіледі. Баспасөздің бір ардагері ретінде мені де түстеп танып алған пошташы аз-кем ағынан жарылғаны. – Ағасы, «итің ұры» десе, намыстанатын қазақтың бірімін ғой... Міне, бүгін «Ақ жол» газетінің бірінші бетінде әріптестерімнің атына ащы сын айтылыпты. Әрине, жеке басыма тиіскен жері жоқ, алайда газет-журналды апталап кешіктіріп жеткізетін меркілік пошташылар үшін ұялыңқырап та тұрғаным болмаса, – деген Есқара Үсіпбаев келесі көп қабатты үйлерді жағалап кете барды. Аталған мөлтек ауданда тұрып жатқаныма биыл жиырма жылдан асыпты. Біреуді мақтап, келесісін даттайын деп отырған жайым жоқ. Енді, міне, осындағы көп қабатты үйлерге, екі орта мектеп пен Қабылбек Сармолдаев атындағы балалар үйіне, басқа да нысандарға жаяу-жалпылап, газет-жорнал мен хат-хабарды уақтылы жеткізіп тұратын оған «бәрекелді» деген ықыласымды іштей айтып қала бердім.

Жамбылбек ШОҚЫБАС, баспасөз ардагері.

Ұқсас жаңалықтар