«Әкем, анам және мен» спорттық сайыс

«Әкем, анам және мен» спорттық сайыс
ашық дереккөз
«Әкем, анам және мен» спорттық сайыс

Көктал орта мектебінің ұйымдастырушы-педагогы Тойбаев Болаттың ұйымдастырушының ұйытқы болуымен еліміздің егемендігінің 25 жылдығына орай Көктал орта мектебінде «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өткізілді. Саламатты өмір салтын және отбасылық құндылықтарды насихаттаған бұл жарысқа 5-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты. Ақшабаевтар отбасынан құралған «Бірлік» тобы, Нұртай отбасынан құралған «Барыс» тобы, Дәуренбековтар отбасынан құралған «Тұлпар» тобы әділқазы алқасы мен көрермендердің көзайымына айналды. Сайыс 6 түрлі кезеңді қамтыды. 1-кезең. Отбасыңды судан алып шығу; 2-кезең. Отбасыңмен шаңғымен жүріп өту; 3-кезең. Отбасыңмен белтемір арасынан өту; 4-кезең. Секірме жіппен секіріп қорапқа доп лақтыру; 5-кезең. Көзіңді жұмып, кедергілер арасымен өту; 6-кезең. Арқан тарту.

Сайыс нәтижесінде Ақшабаевтар отбасы құрған «Бірлік» тобы 30 ұпай көрсеткішімен І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Нұртай отбасы құрған «Барыс» тобы сайыс кезеңдерінде 23 ұпай жинап, жүлделі ІІ орынмен марапатталды. Ал 21 ұпайды қанжығасына байлап, Дәуренбековтар құрған «Тұлпар» тобы ІІІ орынды иеленді. Отбасыларға медальдар мен грамоталарды табыстаған директордың инновация ісі жөніндегі орынбасры  сайыстың өте қызық өткенін атап өтті. Қатысқан отбасылардың белсенділігін жоғары бағалап, отбасылық жарысты ұйымдастырған дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері - Кенжебаев Ержан мен Тойбаев Болатқа-  алғыс айтты. Бұндай жарыстардың мектепте өз жалғасын табатынына сенім білдірді.

556 23Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

Кенжебаев Ержан,

Ұқсас жаңалықтар