Жер астынан 18 қабатты қала табылды

Жер астынан 18 қабатты қала табылды
ашық дереккөз
Жер астынан 18 қабатты қала табылды

Түркияда Каппадокия тарихи мекенінің астынан Деринкүй қаласы табылды. 18 қабаттан тұратын қалаға 20 мың адам еркін сыйып кетеді екен.

 1963-жылы Каппадокия ауданында тұратын ер адам өзінің үйін тұрғызғысы келеді. Алайда, ол кездейсоқ таңғалдырарлық мекенге тап болады. Ол туннель жүріп жатқан құпия бөлмеге кездеседі. Осы туннель Деринкүй деп аталатын жер асты қаласын тауып алған.

Жер астындағы құпия қала 20 мың тұрғынға дейін еркін сыйдыра алады екен. Қала ежелгі Византия дәуірі кезінде шамамен 780-1180 жылдары салынған.

Қала ішінде – асханалар желісі, атқоралар, шіркеу, үңгір, құдық, тіпті мектепке дейін бар екен. Ол жергілікті тұрғындарды араб-византия әскерінен және табиғи апаттардан қорғайтын бункер ретінде қолданылған. Жау жақындаған кезде қаланың қақпалары іштен жабылып қалатын болған. Сонымен қатар, әр қабаты жеке-жеке жабылып қалатын жүйемен жасалған. Мұндағы құпия үңгірлер Капподокияға әлемнің түкпір-түкпірінен туристер тартып жатыр.

Безымянный

 43aa06e0-226d-47d0-8def-4ff6461c0c035c76c987-1e07-46e8-b74d-77f1d5c09899 b25c3a66-5f72-4bbe-9c68-aae0d145b199a452ac7c-3b53-4e58-92e9-38c366b3a6db ba209faf-f358-49a7-b9aa-ea4ce5d57e1a

ақпарат көзі: baq.kz

Ұқсас жаңалықтар