Еселі еңбек елеусіз қалмайды

Еселі еңбек елеусіз қалмайды
ашық дереккөз
Еселі еңбек елеусіз қалмайды

Жамбыл ауданында соңғы үш-төрт жылдың ішінде ауылдық округтерде әлеуметтік нысандардың көптеп салынғанын аңғаруға болады. Тәуелсіздік жылдары бой көтерген осындай көрікті ғимараттардың ішінде осы жылы күрделі жөндеуден өткізілген 350 орындық Гродеково ауылдық Мәдениет үйі де бар. Биыл аталған аудан Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған мерекелік шараны осы Мәдениет үйінде атап өтті. Жиында жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтаған Мәден Мұсаев ауданның тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістігін сөз етті. Салтанатты жиында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесі үшін Жамбыл ауданы Аса ауылдық округінің әкімі Бауыржан Қалшымбетов, Ақбастау ауылдық округінің әкімі Нұрсұлу Дүзеева, Жамбыл ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Бауыржан Тоқтасынов, Жамбыл аудандық мәслихаттың аппарат басшысы Мадияр Сәмбетов облыс әкімінің Құрмет грамотасымен және бірнеше сала қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хаттарымен, Жамбыл ауданы әкімінің, «Нұр Отан» партиясы облыстық және аудандық филиалының, аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарымен марапатталды. Пионер ауылдық округі «Шыңғыс» шаруа қожалығының төрағасы Абжан Нұралиевке ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығының үздігі» төсбелгісі табыс етілді. Салтанатты шараға Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ішкі аудит департаментінің директоры Гүлнар Әлімбекова қатысты.

Нұрым СЫРҒАБАЙ,

"Ақ жол".

Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар