Жемқорлықпен күрес – жалпыұлттық іс

Жемқорлықпен  күрес – жалпыұлттық іс
ашық дереккөз
Жемқорлықпен күрес – жалпыұлттық іс

Қазақ елінің дамуына, өркендеп өсуіне орасан үлес қосып, мемлекетімізде заңдылық пен әділеттілікті ту еткен, қоғамымыздың қауіпті дерті – сыбайлас жемқорлыққа қарсы ымырасыз, қарқынды күрес жүргізіп келе жатқан Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігінің құрылғанына 20 жыл толды.

Бүгінде сыбайлас жемқорлық қылмыс, заңбұзушылық жасағандармен қаржы полициясының қызметкерлері қандай жоғары лауазымда болмасын олардың бет-жүзіне қарамай ымырасыз, батыл күрес жүргізуде. Бұл халықтың сенімін арттырады. Жамбыл облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің жұмысына да елдің сенімі арта түсті. Күнделікті атқарып жатқан арнайы жұмыстары туралы халыққа жергілікті ақпарат құралдары арқылы кеңінен жетіп отыр. Қоғамымыздың аса қауіпті дерті – сыбайлас жемқорлық қылмыстарын әшкерелеуде, заң бұзушылықтарды анықтауда, олардың алдын алуда департамент қызметкерлері ымырасыз және нәтижелі күрес жүргізуде. Әсіресе, жемқорлықтың зардабын халыққа түсіндіру, жиі-жиі қоғамдық ұйымдармен, облыс тұрғындарымен кездесулер елдің көңілінен шығуда, облысымыздың барлық аудандарында, шалғай жатқан елдімекендерде тұрғындарды жеке сұрақтарымен қабылдаулар ұйымдастырып келеді. Қазір облыстағы кез-келген азамат қаржы полициясының ақысыз 144 деген телефон нөмірін біледі. Егер оған сыбайлас жемқорлық қылмыстары туралы нақты деректер хабарланып, кейін сотта дәлелденіп жатса сыйақы берілетіндігінен көпшілік хабардар. Елбасы Н. Назарбаев «Егер бұл жаман құбылыспен бүкіл халық болып, барлық қоғамның күштері бірігіп, жүйелі түрде күреспесек, онда қабылданған жоспарлар тек қағаз түрінде қалуы мүмкін...» деп атап өткендей, бұл ортақ іске баршаны жұмылдыра білудің мәні өте жоғары. Президенттің «Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы күресетін бір күш болуға тиіс...» деген қағидасын ұстанатын «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс мүшелері де бұл орайда бірлескен меморандумда көрсетілгендей облыстың қаржы полициясынан көмегін және қолдауын аямайды.

Қасымхан Төлендиев, «Жаңару» сыбайлас  жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық бірлестік жалпыұлттық қозғалыстың Жамбыл облысы  бойынша филиалының директоры.

Ұқсас жаңалықтар