Егемен ел құрдастары

Егемен ел  құрдастары
ашық дереккөз
Егемен ел құрдастары
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Кемел келешекке – кемеңгер Елбасымен» атты жастар конференциясы болып өтті. Конференцияға Тәуелсіздік құрдастары және белсенді жастар қатысты. Аталған шарада аудан әкімінің орынбасары Мұратхан Естаев жастарды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап, еліміз Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сара басшылығымен демократиялық құндылықтарды құрметтеу, ашық қоғам құру, адам құқын қорғау мен сөз бостандығын өркениет өрісіне сай қамтамасыз ету салаларында табыстарға жеткенін, еліміздің экономикасын көтеріп, халқымыздың әл-ауқатын арттыру, саяси реформалар жүргізіп, басқарудың тиімді тетіктерін қалыптастыру бағыттарында қомақты шаруалар атқарылғандығын айтып өтті. 25 жыл бұрын еліміз Тәуелсіздігін жариялаған уақытта дүние есігін жаңа ашқан бүлдіршін – бүгінде болашақтың кілтін қолына ұстаған ұрпаққа айналғанын мақтанышпен жеткізді. Сол Тәуелсіздіктің бір топ төл құрдастары Нүркен Пернебаев, Алиасқар Айтишев, Алмаз Кенетаев, Ақбота Қораласбаева, Нұрислам Омаров, Бекнұр Жамалханов, Насихат Тілеухорова, Жұлдыз Мергенбаева, Ермек Тұрарқұлов және Ұлбосын Естаева аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Тәуелсіздіктің құрдастары атынан Н. Пернебаев, Ұ.Естаева сөз алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев жастарға ақжарма тілегін айтып, ақ батасын берді.

Уалихан Жайлау, «Ақ жол».

Мойынқұм ауданы.

Ұқсас жаңалықтар