Айдананың шығармасы үздік атанды

Айдананың шығармасы үздік атанды
ашық дереккөз
Айдананың шығармасы үздік атанды

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай қазіргі таңда көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атаулы мерекені өзіндік ерекшелігімен атап өткелі жатқан әрбір қазақстандық азамат болсын, мейлі жекелей ұйым болсын, бұл мерекенің тойлануына өз тарапынан көңіл бөлсе, ел есінде қалуына ықпал етеді. Ірі компанияның бірегейі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының интернет желісі арқылы «Қазақстан – менің Отаным» атты өткен шығармалар байқауын ұйымдастырған еді. Өз тілінің мәртебесін арттыру, мерейін үстем ету және тіл құдіретін тани білетін жас буын өкілдеріне қолдау көрсетуді көздеген бұл байқаудың шарттары, талаптары жеңіл емес болатын. Әуелі «Талабы жоғары осындай байқаудың жүлдегері атану мүмкін бе?» деген күдік ұялады көкейімізде. Себебі, республикалық байқаулардың жүлдесіне ауыл балалары көбіне іліне бермейді. Алайда, біздің шағын ауылымыздың 10-сынып оқушысы Айдана Нышанның шығармасы үздік атанып, байқау шарттарына лайық деп танылды. Үнемі шығармалар байқауына қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүрген Айдана үшін әзірге бұл ең үздік көрсеткіш. Ендігі кезекте Айдана батыстан шығысқа қарай саяхатқа шығатын пойызбен еліміздің көрікті жерлерін тегін аралауға мүмкіндік алды. Жас ұрпақтың шабытын шыңдап, бойына елжандылық қасиетін ұялата білген «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына алғысымыз шексіз. Өз елінің егемендігін көркем сөзбен кестелеп, шебер өрнектелген Айдананың төл шығармасы оған осылайша олжа сыйлады. Бұл да Тәуелсіз еліміздің тамаша тартуы деп білеміз. Оқушы үшін мұнан асқан бақыт, қуаныш бар ма? Сыйлығың құтты болсын Айдана! Еліңнің патриоты ретінде Тәуелсіз Отаныңды аралау барысында өзіңе сәтті сапар тілемекпіз. Өзіңмен ұстаздарың мақтанады. Жарайсың, Айдана!

Әлия Бейсенқұлова, М.Мәметова атындағы орта мектеп кітапханашысы.

Тәтті ауылы, Меркі ауданы.

Ұқсас жаңалықтар