2006 жылы шыққан банкноттар бүгіннен бастап жарамсыз

2006 жылы шыққан банкноттар бүгіннен бастап жарамсыз
ашық дереккөз
2006 жылы шыққан банкноттар бүгіннен бастап жарамсыз
Бүгіннен бастап 2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттарды төлем және банк операцияларына пайдалануға болмайды, деп хабарлайды Baq.kz.
Банкноттар айырбас үшін 2020 жылдың 3 қазанына дейін қабылданады.
«ҚР Ұлттық банкінің барлық филиалында 2006 жылы шыққан 2000, 5000 және 10 000 теңгелік банкноттар айырбас үшін 2020 жылдың 3 қазанына дейін қабылданады. Ол үшін қосымша ақы, комиссия немесе төлемдер ұсталмайды», - деп хабарлайды Ұлттық банк.
Кейіннен 12 ай ішінде – 2016 жылдың 4 қазанынан бастап 2017 жылдың 3 қазанына дейін бұл купюраларды екінші деңгейлі кез-келген банктен айырбастауға болады. Zakon.kz.

Ақпарат көзі:Baq.kz 

   

Ұқсас жаңалықтар