73 жастағы қария Алматыдан Астанаға дейін велосипедпен жетті

73 жастағы қария Алматыдан Астанаға дейін велосипедпен жетті
ашық дереккөз
73 жастағы қария Алматыдан Астанаға дейін велосипедпен жетті

73 жастағы алматылық азамат Әбілтай Шайхов Алматыдан Астанаға велосипедпен бір жарым аптада жеткен, деп хабарлады 24.kz.

Бұл эстафетаны ҰҚК ардагері ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнады. Ескере кететін бір жайт, зейнеткер 1 200 шақырым жерді велосипедпен еңсеру барысында өзіне дәрігерлер тағайындаған бірде бір дәрілік препаратты қабылдамаған. «Жол бойы құрт пен ірімшікті азық еттім. Оларды жолға арнайы алып шықтым. Бұл қазақ халқының салты. Құрт күш береді, шөлдетпейді. Дәрігерлер маған дәрі қобдишасын да әзірлеп берген, алайда мен үшін оның қажеті болмады. Нағыз кальций  – құртта», – деді ақсақал. Елордаға Әбілтай Шайхов бүгін жетті, ал Алматыдан 21 қыркүйек күні шыққан болатын. Айтуынша, еліміздің әрбір қаласында отандастары оны құшақ жая қарсы алған. Ал Астана алаңында, жаңбырға қарамастан, жүзге жуық адам жиналған, деп хабарлады «Хабар» телеарнасы. «Халықтың қабылдауына риза болдым. Жамбыл облысына жетіп қалған кезде әртүрлі күш құрылымдарының бес өкілі мені велосипедпен күтіп алды. 200 шақырымды бірге жүріп өттік. Ол кезде велосепидті жақсы тебе алмайтынмын. Үш күннің ішінде үйрендім. Олар маған велосепедті дұрыс тебуді, дұрыс отыруды, бастысы, демалуды үйретті», – дейді ақсақал.  

Ақпарат көзі: : Stan.kz

Ұқсас жаңалықтар