«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚР аккредиттелген дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов  ҚР аккредиттелген дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті
ашық дереккөз
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚР аккредиттелген дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті

Бүгін, Астанада ЭКСПО-2017 көрмесінің Ұйымдастырушылар кеңсесінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов ҚР аккредиттелген 50-ден астам дипломатиялық миссия басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында басқарма төрағасы «Болашақ энергиясы» тақырыбында өткізілетін халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастырру жұмыстарымен толығырақ таныстырып өтті. Қазіргі таңда, 103 мемлекет пен 17 халықаралық ұйым көрмеге қатысатындығын ресми растады. Секция комиссарларының 98-і тағайындалды. Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдарды қоса алғанда 82 қатысу келісімшартына қол қойылды. Сондай-ақ, 61 мемлекет Ұлттық күні өткізілетін нақты уақытты белгіледі. «Халықаралық қатысушылар павильондары үстіміздегі жылдың қазан айының аяғында 100 пайыз аяқталатын болады. Бұдан кейін біз инсталяция және басқа да жұмыстарын жүргізу үшін қатысушыларға павильондарды беретін боламыз. Атай кетер мәселе, қазір келесі айдың аяғына дейін таратылатын небәрі 5-ақ орын қалды», - деді өз сөзінде Ахметжан Есімов. Сонымен қатар, ұлттық компания басшысының атап өткендей, бүгінде  «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ қазақстандық және шетелдік серіктестермен 125,5 миллион еуро келісімшарттар мен меморандумдарға қол қойылды. Өз сөзінен кейін ұлттық компания басшысы шетелдік қонақтардың шетелдік қатысушыларға арналған жеңілдік бағдарламалары, елшілік тарапынан келетін делегацияларға арнайы билет бағдарламасы және көрмеге қатысты сұрақтарына түбегейлі жауап берді.

 * * *

Көрме 2017 жылғы 10 маусымнан бастап 10 қыркүйекті қоса алған аралықта Астана қаласында өткізіледі. Көрмеге 100 елден кем дегенде 10 халықаралық ұйымдар, 10 жетекші инновациялық технологиялар компаниялар қатысады деп жоспарланып отыр. Жалпы алғанда көрмеге 2 миллионнан астам келушілер мен шамамен 5 миллионнан сапарлар болады деп күтіледі. Қосымша ақпарат үшін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ  Қоғаммен байаныс департаментіне хабарласыңыз.: тел.: +7(7172) 919463, e-mail: pr@expo2017astana.com, www.expo2017astana.com

Ұқсас жаңалықтар