Заңгер: Қазақстанда ату жазасы бір адамға ғана берілуі мүмкін

Заңгер: Қазақстанда ату жазасы бір адамға ғана берілуі мүмкін
ашық дереккөз
Заңгер: Қазақстанда ату жазасы бір адамға ғана берілуі мүмкін

Қазақстандық заңгер Джохар Өтебеков елімізде өлім жазасына лайықты айыптылар болса, колониялардың ешбірінде ату жазасына кесілген бірде-бір адам жоқ екеніне сенімді.

“Тіпті президент өлім жазасына жарияланған мараторидің күшін жойған күннің өзінде, ол ауыр жаза ешбір адамға тағайындалмайды. Бұл судьялар үшін емес, қаскөйлер үшін. Мараторий судьялардың өлім жазасын тағайындауына кедергі келтірмейді. Бұған қылмыстық кодексте мүмкіндік берілген”, – деп жазады ол Facebook парақшасында. Соттарға кедергі болып тұрған Конституциядағы 15 бап еді. Оны 2007 жылы 21 мамырда депутаттар өзгертті. Сол уақыттан бері ауыр жаза тек теракт жасап адам өліміне себепкер болған адамға ғана кесілуі мүмкін деп тұжырымдалды. Кәмілетке толмағандарды зорлау, өлтіру қылмысына ең жоғары дегенде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қолданылады. Жұмсартылған жазаның екінші жағы бар. Сол себепті 2007 жылға дейін өлім жазасына кесілгендердің жазасы өмір бойына түрмеде отыруға ауыстырылды. Заңгер мұндай ауыр жазаға тек Алматыда полицейлерді қырып салған Күлекбаев ғана кесілуі мүмкін дейді. “Бұл биліктің оны террорист деп санап отырғанына байланысты” деді заңгер.

Ақпарат көзі: Stan.kz

Ұқсас жаңалықтар