Қатерлі ісікпен ауыратын балаға көмектесу үшін Олимпиада жүлдегері медалін сатып жіберді

Қатерлі ісікпен ауыратын балаға көмектесу үшін Олимпиада жүлдегері медалін сатып жіберді
ашық дереккөз
Қатерлі ісікпен ауыратын балаға көмектесу үшін Олимпиада жүлдегері медалін сатып жіберді
Поляк спортшысы Петр Малаховский Рио-де-Жанейродағы Олимпиадада диск лақтыру бойынша жеңіп алған күміс медалін қатерлі ісікпен ауыратын үш жасар баланың емін төлеу үшін сатып жіберген.Бұл туралы поляк өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Gazeta.ru-ға сілтеме жасап ҚазАқпарат. Марапат ретінде атлет 126 мың доллар алған. Айта кетейік, Петрден Олимпиаданың күміс медалін поляк миллиардерлері Доминика және Сесастьян Кульчик сатып алған. «Мен Олегке көмектесу туралы шешім қабылдап, Риода жеңіп алған күміс медалімді аукционға шығардым. Түскен барлық қаражат Олегтің еміне жұмсалатын болады», - деп жазды ол.

Ақпарат көзі: Zhambyl.News

Ұқсас жаңалықтар