Қазақстан Рио Олимпиадасында бокстан төртінші орын алды

Қазақстан Рио Олимпиадасында бокстан төртінші орын алды
ашық дереккөз
Қазақстан Рио Олимпиадасында бокстан төртінші орын алды
Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында бокстан ерлер және әйелдер құрамасы жалпы командалық есепте төртінші орынға тұрақтады. Қазақ боксшылары Рио шаршы алаңынан бір алтын, екі күміс, екі қола медаль жеңіп алды.
Ерлер құрамасы Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Олимпиаданың алдында екі алтын алуды жоспарлап отырғандарын айтқан еді.
«Бәріне уақыт төреші. Ерекше айта кетерлігі, Риода бокстан он алтын мен он күміс және жиырма қола медаль сарапқа салынады. Бұл жүлделерге әлем бойынша екі жүз елу боксшы таласады. Әрине, он алтынның бәрін қазақстандық спортшылар еншілеп кетеді деп айту қиын. Біз кемінде төрт-бес жүлдеге қол жеткіземіз деп болжап отырмыз. Оның екеуі алтын медаль», – деген еді Nur.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Айтжанов жоспарлаған төрт медаль қоржынға түсті. Бірақ оның тек біреуі ғана алтын болды. Алтын жүлдені «қазақтың салмағы» атанған 69 келідегі Данияр Елеусінов жеңіп алды. Алтын жүлде «қазақтың меншікті салмағында» Елеусінов Рио төрінде төрт кездесу өткізді. Алдымен ағылшын боксшысы Джош Келлиді, ширек финалда венесуэлалық Габриэль Маэстраны, жартылай финалда француз боксшысы Сүлеймен Сиссоконы, ал финалда өзбекстандық Шахрам Гиясовты жеңді.  src= «Көңіл күй өте керемет. Еліміздің үмітін ақтағанға өте қуаныштымын. Әрине, Олимпиада чемпионы ретінде жеңісімді Қазақ еліне арнаймын. Жанкүйерлерге, бас бапкерімізге, аға оқытушыларыма, әкеме және Тимур Асқарұлының жасаған қамқорлығына рахметімді айтамын. Жарақат басылғандай болды. Бірақ аяғына дейін шыдадым. Жекпе-жек қиын болды. Кішкентай кездегі арманым орындалды.Мен бұл күнді 16 жыл күттім», – деді финалдан кейін Елеусінов. Қос күміс Биыл Олимпиада ойындарында үш боксшымыз финалға шықты. Өкінішке қарай, екеуі шешуі сәтте қарсыластарына есе жіберді. Ұтылды деп айта алмаймыз. Төрешілердің пікірі жанкүйерлер көңілінен шыққан жоқ. Алдымен 91 келідегі Василий Левит күміс медальға ие болды. Жерлесіміз финалға дейін қарсыластарын бет қаратпай ұтты. Алдымен қытайлық Юй Фенкайды нокдаунға жіберіп, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Ширек финалда боксшысы Маврика спортшысы Кеннеди Сен Пьерді айқын басымдықпен жеңсе, жартылай финалда кубалық Эрисланди Савонды ұтты.  src= Финалда 2015 жылғы әлем чемпионы, ресейлік Евгений Тищенкомен кездесті. Бұл жекпе-жекте төрешілер жеңісті Тищенкоға беріп жіберді. Екінші күмісті Әділбек Ниязымбетов еншіледі. Ол 1/8 финалда беларусь боксшысы Михаил Долголевецты, ширек финалда әзірбайжандық Теймур Мамедовты жеңген болатын. Жартылай финалда британдық Джошуа Буатсиден басым түсті. Ал финалда кубалық Хулио Сезар Ла Крузбен кездесті.  src= Бұл жолы Ла Круз екі қолға төмен түсіріп, қарсыласын шабуылын күтіп алып отырды. Алғашқы раундта Әділбек белсенді болғанымен, кубалық қарымта шабуылға сәтті шығып отырды. Бірінші кезеңде үш төреші де 10 ұпайды бостаңдық аралының өкіліне берді. Екінші кезеңде Ниязымбетов басымдық танытқандай болған. Бірақ үш төреші де Ла Крузды жеңді деп шешті. Ал үшінші раундта Ниязымбетов басым түсті. Осылайша Ниязымбетов екінші рет Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанып отыр. Нәтижесінде Әділбек Болат Жұмаділов ағасының жетістігін қайталады. Жұмаділов 51 келі салмақ дәрежесінде Атланта және Сидней Олимпиадасының финалында өнер көрсеткен еді.   Дычконың кезекті қоласы Дычко жарысты 1/8 финалдан бастады. Алдымен әзірбайжандық Магомедрасул Меджидовтан басым түсті. Ол кезде Меджидовтің қабағы жыртылып, дәрігерлер оған жарысты жалғастыруға тыйым салған еді. Екеуі бұған дейін екі рет кездескен. Соның екеуінде де әзірбайжандық жеңіске жеткен еді. Бұл жолы Дычко есе қайтарды. Ал ширек финалда Эфе Аджагбаны ұтты. Бірақ жартылай финалда қарсыласына есе жіберді. Финалға шығатын тұста ирландиялық Джозеф Джойспен кездесті. Бірінші раундта үш төреші де жерлесімізге берді. Ал екінші үш минуттықта ирландиялық белсенділік танытып, таразы басын теңестірді. Үшінші шешуі раундта Джойс жеңісті жұлып алды. Сөйтіп, Иван Дычко Олимпиада ойындарының екі дүркін қола жүлдегері атанды. Бұған дейін Лондон Олимпиадасында үшінші орын алған еді.  src=   Қыздар құрамасы Лондондағы нәтижені қайталады Вадим Присяжнюк Риоға екі боксшы қызға сенім артты. Оның біреуі қола жүлдеге ие болды. 75 келіге дейін салмақта ел намысын қоғаған Дариға Шәкімова жартылай финалға дейін жетті. Шәкімова бастапқы екі кездесуінде канадалық екі дүркін әлем чемпионы Артин Фортин мен марокколық Хадиджу Мардиды жеңді. Өкінішке қарай, жартылай финалда Лондон Олимпиадасының чемпионы Клариссе Шилдске есе жіберді. Осыдан төрт жыл бұрын Марина Вольновада дәл боксшысыдан ұтылған болатын.  src= Ал екінші боксшы қызымыз Жайна Шекербекова ширек финалда француз қызы Сара Урамуннан ұтылып, Олимпиаданы ерте аяқтады. Урамун кейіннен осы Олимпиаданың чемпионы атанды. Сөйтіп, Присяжнюк бапкер Лондондағы нәтижесін қайталады. Ол кезде екі боксшы қызымыз барып, біреуі қола жүлдеге ие болған еді. Жалпы командалық есеп 1). Өзбекстан – 3 алтын, 2 күміс, 2 қола; 2). Куба – 3 алтын, 3 қола; 3). Франция – 2 алтын, 2 күміс, 2 қола; 4). Қазақстан – 1 алтын, 2 күміс, 2 қола;

Ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар