Каратэ Олимпиада ойындарына енді

Каратэ Олимпиада ойындарына енді
ашық дереккөз
Каратэ Олимпиада ойындарына енді
Рио-де-Жанейро қаласында өткен Халықаралық Олимпиада комитетінің отырысында каратэны 2020 жылы Токио қаласында өтетін кезекті Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында ҚР Каратэ-до федерациясының вице-президенті Жасталап Санауов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Оның айтуынша, каратэны Олимпиада ойындарының бағдараламасына енгізу жұмыстары 30 жылдан бері жүргізіліп келеді. 1985 жылы оны Олимпиадалық спорт түрі ретінде таныды. Бірақ бағдарламаға енгізген жоқ. Содан бері осы спорт түрінің ұйымдары тыңғылықты жұмыс жасап, биыл сол мақсаттарына жетті. Енді, миллиондаған каратэшылар «Олимпиада чемпионы боламын!» деген армандарын іске асырып көрмек. Қазақстанда каратэ федерациясы 1991 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бұрын аталған ұйым шығыс жекпе-жектерінің жалпықазақстандық қауымдыстығы болып жұмыс істеген.
«Осы уақытқа дейін біздің спортшыларымыз ересектер арасындағы 12 Әлем чемпионатында, сондай-ақ юниорлар арасындағы 8 Әлем чемпионатында жүлдегерлер қатарынан көріне білді. Бұдан бөлек, қазақстандық каратэшылар Азия чемпионааты мен Азия ойындарында жоғары жетістіктерді көрсетті. Жалпы, біз 6 рет Азия ойындарына қатысып, 5 алтын, 5 күміс және 5 қола медальдарды олжалаған болатынбыз», - дейді Ж.Санауов.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Ұқсас жаңалықтар