- Advertisement -

Бір жасар сәби бензин ішіп, қайтыс болды

102

- Advertisement -

Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Исаның мәлімдегеніндей Балқаш қаласының бір жасар тұрғыны бензин ішіп қойып, қайтыс болды – дейді BAQ.kz порталы.

 «30 шілде күні таңғы 5.40-та бензин ішіп ауруханаға түскен сәби қайтыс болды. Ауруханаға түскенде жағдайы тым ауыр еді. Қатты уланған, бас миы ісінген, осының бәрі өлімге алып келді», — деді Айжан Иса.

Бала 28 шілде күні Балқаш орталық ауруханасына жатқызылған болатын. Оның ата-анасының айтуынша, бір жасар бала пластик ыдыстан бензин ішіп қойған.

Қазір баланың ата-анасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support