- Advertisement -

Сапарғали – философия докторы

252

- Advertisement -

Отандық білім саласы әлемдік білім кеңістігіне кірігу үшін еліміз үлкен бетбұрыстар жасауда. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашақ» халықаралық стипендиясы да осы мақсатта тағайындалған. Ол бағдарлама көптеген дарынды жастың шетелдік озық тәжірибелерді меңгеруіне жол ашты. Ал олар білім-білігін еліміздің экономикасын, білімі мен технологиясын дамытуға арнауда. «Болашақ» арқылы болашағына жол ашқан жанның бірі – философия докторы Сапарғали Қарауылбаев.


Сапарғали Қалымбетұлы – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Оқуын тәмамдап, қолына диплом алған соң, Тараз қаласындағы Қазақстан бизнес колледжінде информатика мұғалімі, директордың орынбасары қызметін атқарды. Еңбек ете жүріп, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында оқуын әрі қарай жалғастырып, әлеуметтік білім магистрі атанды.
2011 жылы Мәскеу қаласындағы Ресей халықтар достастығы университетінің PhD докторантурасына оқуға түсіп, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанғаны да күні кеше сияқты еді. Білімге деген құштарлығының арқасында бұл белестен де өтті. 2015 жылы 30 қазанда «Білім саласын компьютерлік технологиялар арқылы жетілдіру» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғап, философия докторы деген ғылыми дәрежеге ие болды.
Сапарғали Қарауылбаевтың еңбек жолы жастарға үлгі. «Болашақтың» түлегі бүгінде өзі білім алған Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Информатика және есептеу техникасы» кафедрасының доценті қызметін атқаруда. Ғылымнан да қол үзген жоқ. 1 монография, 1 оқу құралының авторы, бүгінге дейін 30-дан астам ғылыми мақалалар жариялаған. Ғылыми еңбектері негізінен білім саласын ақпараттандыру, инновациялық технологияларды жетілдіру, компьютерлік технологиялар көмегімен визуалды-объектілік бағдарламалаумен тығыз байланысты.

Ардақ Үсейінова,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support