Есіл мен Талас бойында

Есіл мен Талас бойында
ашық дереккөз
Есіл мен Талас бойында

Тәуелсіз жас мемлекетіміздің заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі. Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді ҚР Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «Әлем қаласы» атағын алды. 

Қазіргі уақытта Астана тұрғындарының саны 1 миллионға жетті. Елбасының Астана жайлы айтқан мына бір пікір ешкімді бейжай қалдырмаса керек: «Тәуелсіздік туы көгімізде желбіреген күннен бастап Қазақстан үшін жаңа тарихтың басталғаны, ал ол ескі тарихтың сылбыр жалғасы бола алмайтыны белгілі еді. Батыл ой, батыл әрекет қажет болды. Міне, осы тұста өзімнің көкірегімде қайнап піскен осы идеяны, ешбір кедергіге қарамастан, кейбір үзеңгілес, тілектес жандардың да күдіктеріне қарамастан аяғына дейін қорғап шыққанымды сіздердің алдарыңызда бүгін мақтанышпен еске аламын. Жаңа астана тұрғызу идеясы менде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап пайда болған. Астаналарды көшіру кез-келген мемлекеттің өмірінде әрдайым айрықша тарихи кезең саналады», – дейді Елбасымыз өз пікірінде. 19710 080703-011 DSC_954++8 dsc_6742-kopirovat DSCN8858 IMG_22++85 IMG_25++67 orod-astana-d++ostoprimechatelnostiИә, жас та тәуелсіз мемлекетіміздің түбегейлі мүдделері астананы көшіруді талап етті. Осылайша 1994 жылғы шілдеде 13-шақырылымдағы Жоғарғы Кеңестің отырысында Елбасымыз астананы көшіру туралы ұсынысын батыл түрде ортаға тастады. Болашақ ұрпақтың тағдырына алаңдап ұсыныс тастауы сол-ақ екен, Парламентте қызу пікірталас басталды. Депутаттардың бір тобы Елбасы идеясын қолдаса, екінші тобы мүлде қарсы екендерін айтып, ашық қарсылық танытып жатты. Болжанған қарсылыққа Тұңғыш Президентіміздің былай деп жауап бергені есте: «Астананы көшіруге арналған қайтарымсыз шығындар тікелей көшіп баруға жұмсалатыны ғана, ал қалаға жұмсалатынның бәрі – бұл болашаққа салынған инвестициялар». Бүгінде, астананы көшірген сәттен бар-жоғы 18 жыл өткенде қаланың халқы еселеп көбейді. Астана арқылы біз жаһандық әлемге жаңа Қазақстанды аштық. Астананың құрылысы осынау жылдары біздің еліміздің әлеуетін танытып, бүкіл посткеңестік кеңістіктегі ең орасан мегажобаға айналды. Астананың халқы – Қазақстандағы ең жас халықтың бірі. Астаналықтардың орташа жасы – 32 жас. Мұнда жастар бүкіл елімізден оқу, жұмыс істеу үшін көптеп келуде. Жас мамандар лайықты да жақсы жалақысы бар жұмысқа тұруда, сондықтан Астанадағы тұрмыс деңгейі – еліміз бойынша ең жоғарылардың бірі. Астана бүгінде сәулетімен ғана дараланып қоймай, бау-бақшалы қалаға айнала түсуде. Астана төңірегіндегі он мыңдаған гектар жасыл белдеу орман – соның жарқын дәлелі. Елбасы Бурабай өңірін Астанамен орман арқылы жалғастыруды өзінің қатаң бақылауында ұстайды. Бұл жасыл белдеу – қаланы жазғы аңызақ жел мен қысқы борандардан қорғайтын қалқан. Осының арқасында климат өзгерді. Астана орасан зор дала өлкесінің кіндігіндегі жасыл оазиске, экологиялық жағынан таза мегаполистің өнегесіне айналды. Қазақстан қалалары Астанаға қарап бой түзейді. Бүгінде Тараз қаласы да Астанаға қарап жаңару, даму үстінде. Мұнда Астана мөлтек ауданы пайда болып, қала сәулетіне көрік берді. Көптеген сәнді, көркем ғимараттар салынды. «Тараз-Арена» спорт сарайында дүбірлі жарыстар өтіп, халықтың көз-қуанышына айналды. Есілдің жағасынан бой көтерген Астанаға Таластың бойындағы Тараздың ұқсағысы келеді. Жасай бер, Ару Астана! Таныла бер, Таразым!

Қанат Тілепберген, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар