Мойынқұмдық жеткіншектер

Мойынқұмдық жеткіншектер
ашық дереккөз
Мойынқұмдық жеткіншектер

жазғы демалыстарын мәнді, мағыналы өткізуде

IMG_92++41Оқушылар үшін жазғы демалыстың орны бөлек. Жаз айлары – бұғанасы қатпаған балаларға таптырмас сауықтыру кезеңі. Себебі, аптап ыстықта форма киіп мектепке бармайды, қапырық кабинетке сағаттап қамалмайды. Бәрінен бұрын табиғат аясына шығып, демалуға мүмкіндік туады. Жас жеткіншектердің осы кезеңге жеткенше тағаты таусылатыны да сондықтан.

Жазғы демалысты асыға күткендердің қатарында мойынқұмдық жеткіншектер де бар. Жазы аптап ыстық, қысы қатал ауданның оқушылары биылғы жазды қалай өткізбек? Балалардың жазғы демалысы қалай ұйымдастырылуда? Осы сауалдардың жауабын білу үшін аудандық білім бөліміне қайырылдық. Білім бөлімінің басшысы Жайдар Жазықбаевтың айтуынша, ауданда 1-10 сынып аралығындағы 5173 оқушының 4400-і, яғни 85,3 пайызы жазғы демалыс шараларына тартылмақ. «Кооператор» жеке кәсіпкерлігінің «Рысбеков» демалыс орталығына 7-15 жас аралығындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасы балалары жіберілмекші. Ал мектепшілік бір мезгіл ыстық тамақ берілетін сауықтыру шараларына 1636 оқушы тартылмақ. Тамақ ішуді ұйымдастыратын мектеп жанындағы жазғы сауықтыру шаралары екі бағытта жұмыс жүргізеді екен. Бірінші ауысымға 908, екінші ауысымға 728 оқушы тарту жоспарланыпты. Ал тамақ ішуді ұйымдастырмайтын мектеп жанындағы демалыс орындарына 2266 бала қамтылған. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасының жолдамасымен 11 оқушы Көкшетау қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына демалысқа жіберілмек. Шымкент, Тараз ,Түркістан, Отырар қаласына ұйымдастырылатын экскурсияға 30 бала тартылмақшы. Оған 3 миллион теңге қаржы бөлінген. Жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуге жағдай жасау мақсатында мектептер мен мектептен тыс мекемелерде тіл үйрену үйірмелері ұйымдастырылуда. Оған аудан бойынша 1720 оқушы тартылуда. Сондай-ақ, еңбек жасақтарына (көгалдандыру, жөндеу жұмыстары) – 604, аула клубтарына 150 оқушы қамтылған.

Уалихан Жайлау, «Ақ жол».

Мойынқұм ауданы.

Ұқсас жаңалықтар