Күрең ат

Күрең ат
ашық дереккөз
Күрең ат
Нұржан Әліш. Әкем ерттеп мінгенде күрең атын, Жырлағандай жүрісін кілең ақын. Шабысын-ай, шіркіннің шаң жуытпас, Тегі мықты тұлпар, ә, сүйегі асыл. Мақтайтұғын бар адам сырттан бағып, Қызығатын тамсана жұрт таңданып. Ел шулайтын бәйгеде ұран салып, Күрең айғыр топ жарып шыққанда анық. Күрең айғыр серінің сыңары еді, Құлагердей бәйгенің пырағы еді. Айырылып қалдық та жануардан, Жетімсіреп әлі тұр құранды ері. Жасады ма Батыраш қастандығын, Ұшып кетті бағымыз бастан күнім. Жырға қостым әкемнің күрең атын, Қашасам ба мүсінін тастан бүгін.

Жуалы ауданы.

Ұқсас жаңалықтар