Айлан ару Астанаға аттанады

Айлан ару Астанаға аттанады
ашық дереккөз
Айлан ару Астанаға аттанады

«Бала даусында» тараздық талант өнеріне тәнті етті

1_vd6h9g+xno An7y7swI++RNgБиыл елімізде «Бала даусы» ұлттық балалар ән байқауы жобасы бастау алды. Жобаны Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры және республикалық «Жандану әлемі» қоры қаржыландыруда. Байқаудың бас продюсері және идеяның авторы – Әлия Назарбаева.

Бұл байқаудың облыстық іріктеуі Тараз қалалық Мәдениет үйін екі күн бойы әдемі әндермен тербеп тұрды. Ән аламанына әнші Медет Көжекбаев, продюсер Фарида Ниязова, композитор Ғалымбек Есімбергенов бастаған кәсіби мамандар қазылық жасады. Алғашқы күнгі сайысқа Тараз қаласы және аудандардан 152 бала қатысса, ақтық кезеңге талабы таудай 30 жасөспірім өтті. Барлығы да жеңіске деген құлшыныстарын байқатты. Бәріне де байқау оңайға соқпады. Себебі, 152 баланың ішінен тек бір талапкер ғана жеңімпаз атанады. Сол өнерпаз ғана «Бала даусы» байқауының республикалық кезеңіне жолдама алады. Сондықтан балалар вокалдық мүмкіндіктерін барынша көрсетіп бақты. Кең диапазонды дауыс иелеріне де тәнті болдық. Байқау шарты бойынша балалар өзі қалаған екі әнді жанды дауыста орындауы тиіс. Бұл тұрғыда оқушылар халық әндерін де, патриоттық әндерді де әуелету арқылы орындай білді. Қазылар алқасының шешімімен Тараздағы №44 орта мектептің оқушысы Айлан Заушова жеңімпаз деп танылды. Облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шаралар өткізу орталығының өнерпазы Камила Жақсылықтың (жеке ұстазы – Халипа Боханова) өнеріне де қазылар тарапынан жақсы пікірлер айтылды. Алдағы күзде Астанада өтетін «Бала даусы» республикалық байқауында Айлан Заушова өнер көрсететін болады. Айланның бағын ашқан байқау жүздеген баланың үмітін оятып, жігерлендіргені анық. Осындай іс-шаралар жасөспірімдерді қанаттандырады.

Есет Досалы, «Ақ жол».

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар