Қырғыз Республикасында 2005-2010 жылдары болған «төңкерістен» кейінгі мемлекеттің экономикалық-әлеуметтік даму
- author «Ақ жол»
- 3 мамыр, 2016
- 198
Қырғыз Республикасының тұрақты даму ұлттық кеңесінің «Қырғыз Республикасының 2013-2017 жылдарға арналған тұрақты дамуының ұлттық стратегиясында» келтірілген мәліметтерге сүйенсек, жемқорлықтың өршуі, қоғамның күрт жік-жікке бөлінуі, тәртіп бұзушылық, биліктің өктемшілдігі Қырғызстанда қалыптасқан басқару жүйесін екі мәрте құлатуға әкеп соқты. (2005 жылдың 24 наурызы және 2010 жылдың 7 сәуірі).
Ауыспалы Уақытша үкіметтен кейін Қырғыз Республикасында парламенттік билік орнады. Жогорку Кенештің құзырына көп міндет жүктелді.
Сәуір төңкерісіне дейін-ақ, 2009 жылдың қорытындысы бойынша Қырғыз Республикасы ТМД елдері бойынша ең кедей мемлекет болып танылды. Халықтың 1,7 миллион аса немесе 32 пайызынан көбі кедейшілік шегінен төмен тұрмыс кешсе, оның 76 пайызы ауыл тұрғындары еді. Ресми түрде бекітілген жұмыссыздық деңгейі 8 пайыз делінсе, ресми емес дерек көздерінде ол дерек 14-26 пайыз деп көрсетілді.
Аталған мысалдар мен бұдан өзге көптеген фактілер осыған дейін қалыптасқан мемлекеттік жүйе елді заңды түрде тұрақты дамуға апармайтынын көрсетті.
Мұнымен қоса, Қырғыз мемлекеттігінің деңгейі мен тұжырымы жасалмады. Сондай-ақ, заңсыздық, экономикалық, әлеуметтік, саяси, этносаралық салалардағы мәселелердің бір жолға қойылмауы себепті қиратуға деген беталыс күшейе түсті.
Наурыздағы төңкерістен (2005 жыл) кейін жақсылыққа қарай бетбұрыс болады деген сенім ақталмады да ол тағы да биліктің ауысуына (2010 жыл) алып келді.
Жаңа Конституцияның қабылдануы мен тәуелсіз Қырғыз Республикасы тарихында алғаш рет 2010-2011 жылдары демократиялық жолмен сайлаудың өткізілуі халық арасында жарқын болашаққа деген сенімді кұшейте түсті. Халық тұрақтылық пен тыныштықты, даму мен өркендеуді қанша қалағанымен, бұл уақытта мемлекетке сыртқы күштер оңай әсер ете алатын жағдайға жеткен еді. Соның салдарынан Қырғыз Республикасының әлеуметтік-экономикалық, саяси салаларында тұрақсыздық өршіп, халық пен биліктің арасындағы сенімсіздік орнады.
Қалыптаспаған жүйеге халықтың наразылығы мен бас көтеруінің салдарынан ел дамуының барлық саласында айтарлықтай шығын мен орны толмас қайғылы оқиғалар орын алды. Соңғы 10 жылдың қорытындысы бойынша Қырғыз Республикасы ТМД елдері арасында экономикалық өсім көрсеткіші ең төмен мемлекет болып танылды.
Өндіріс көлемінің төмендеуі, халық тұтынатын тауарлардың қымбаттауы, жемқорлық пен ішкі берешектердің артуы – бұл бұрыннан бар және әлі де шешімін таппай отырған мәселелер. Бұл мәселелер елдегі 2 төңкерістен кейін де, 3 Президент басқарғаннан соң да, тіпті ондаған Премьер-Министр мен жүздеген парламент мүшесі ауысса да шешімін таппады. Шығатын қорытынды: халықтың толқуы мен биліктің ауысуы елдегі қордаланған мәселені ушықтырмаса, оңтайландырмайды.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді