«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қазақ блогері әлеуметтік желілерді мүлдем жауып тастауды ұсынды

Қазақ блогері әлеуметтік желілерді мүлдем жауып тастауды ұсынды
ашық дереккөз
Қазақ блогері әлеуметтік желілерді мүлдем жауып тастауды ұсынды

Блогер әрі журналист Берік Сұлтан әлеуметтік желілерді жауып тастауды ұсынды. Ол Үкімет әлеуметтік желілерді жапса, адамдардың көптеген игіліктерге кенелетінін айтады.

Сурет: psm7.com
Бұл туралы блогер Facebook парақшасында жариялады. Блогердің ойынша, егер әлеуметтік желі жабылса, мынадай артықшылықтарға жол ашылады: 1. Қазір тек чаттарда ғана жазысып, “көрінбей кеттің ғой” десе, “лайк басып жүрмін ғой” деп жауап беретін заман болып қалды. Әлеуметтік желі жабылса, достармен жиі жүздесіп, шай‬ ішіп тұрамыз. Жойылып бара жатқан қарым-қатынасты өз қалпына келтіреміз; 2. Блогплатформалар дамып, блогерлер‬ блог жүргізе бастайды. Ғacebook‎ желісіне пост‬ жазып, блогермін деп жүргендер өздерінің әлеуметтік желі қолданушы екенін түсінеді. Бұрынғыдай тақырыптық блогтарды дамытамыз. Жақсылардың жақсы жазбаларын іздеп жүріп оқитын боламыз; 3. Шетелден ‎ақша‬ алатын саусағы бар ойы жоқ ермелердің пост жазуы тоқтатылады. Елді бүлікке бастайтын шолақбелсенділердің мағынасыз‬ сөздерін ешкім оқымайтын болады, сол арқылы жастардың ойын таза‬ ұстаймыз; 4. Негатив‬ ақпараттардың таралуы бірден тоқтайды. Сол арқылы халықтың психологиясын сақтап қаламыз; 5. Жұмыс‬ істеуге көп уақыт болады. Қазір көптеген мекеме қызметкерлері көп уақытын әлеуметтік желі парақтауға жұмсайды. Сол арқылы кейде өнімдері сапасыз‬ болып жатады; 6. Ұйықтарда әлеуметтік желі парақшасына қарап емес, әйеліне‬ не баласына қарап ұйықтайтын болады. Сол арқылы отбасылық бірлік нығайып, махаббат‬ артады. Себебі, қазір «сен маған қарағанда соткаңа көп көңіл бөлесің» деген әйелдер пікірі көбейіп кетті; 7. Әлеуметтік желі жұлдызы деген жалған ‎атақ‬ құрып, шын таланттар ғана ел сүйіктісіне айналады. Өнері жоқ, білімі жоқ, арақ ішетіндер жұлдыз болмайды; 8. Газет-журналдарға сұраныс‬ артып, халықтың сапалы‬ дүние оқуына жол ашылады; 9. Шала‬ сауатты шейхтардың негізсіз уағыздары тоқтап, жастар діни сұрақтарын мешіт‬ имамдарынан сұрайтын болады. “Бұл айтылғандардың барлығы менің жеке пікірім һәм ұстанымым. Ал сіздің пікіріңіз басқа болса, мархабат”, – дейді блогер.

ақпарат көзі: Stan.kz

Ұқсас жаңалықтар