Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Қызырдың Қызыр атануының себебі мынадай: Ол шөп өспейтін тақыр жерге отырса, бірден оның артынан айнала жап-жасыл болып көктеп шыға келеді», – деді. Аңыздарға сүйенсек, Қызыр (а.с.) бір қасиетті бұлақтан су ішеді. Оған тиген нәрсенің барлығына жан бітетін болады. Мұса пайғамбардың да (а.с.) балығы осы бұлақтан тірілген деседі. Ғалымдардың көпшілігі зерттей келе, Қызырды пайғамбар деген байламға келеді. Мұса (а.с.) уахи арқылы Қызыр пайғамбармен кездесіп, сол кісінің артынан ерген. Ал Мұса (а.с.) пайғамбар болғаннан кейін тек пайғамбарлардың ғана ізімен жүрген деген де болжамдар бар. Қызыр атағын иеленбей тұрып оны Балья, Йаса, Әмір, Кальян немесе Ахмад деп атаған, ал оның лақап аты Абу’ль-Аббас. Қызырдың осы өмірде әлі де бар екені не қайтыс болғаны жайында екіжақты пікір қалыптасқан. Ғалымдардың көпшілігі Қызыр әлі де тірі, оны сахарадан кездестіруге болады дегенді алға тартады. Кейбірі оны әулие адам десе, келесілері пайғамбар дейді. Ибрахим Ибн Атхам, Бишр әл Хафи, Маруф Кархи сынды сопылар Қызырды көргендерін, бірақ оның жаны басқа денеге қонғанын айтады. Тағы бір аңызға сүйенсек, адамдар арасында әлі тірі 4 пайғамбар бар. Жер тұрғындарын қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп отырған да солар екен. 4 пайғамбардың екеуі, яғни, Қызыр мен Ілияс жерде болса, қалған екеуі – Иса мен Ыдырыс көкте мекендейтін көрінеді. Дұрысы Аллаға аян!
Суретте Қызыр пайғамбар мешіті. Иран, Құм қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді