Тараздық ана Айткүл Киікбаева Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс айтып, Ақордаға хат жолдапты. Онда былай делінген:

Тараздық ана Айткүл Киікбаева Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс айтып, Ақордаға хат жолдапты. Онда былай делінген:
ашық дереккөз
Тараздық ана Айткүл Киікбаева Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алғыс айтып, Ақордаға хат жолдапты. Онда былай делінген:
«Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сізді жаңа жылда шын жүректен құттықтаймын! Денсаулығыңыз зор болып, мол табысқа жетуіңізге тілектеспін. Наурыздың нұрлы нұры жаусын! Елбасы ретіндегі ел алдындағы атқарып жатқан қыруар жұмыстарыңызды көріп, біліп отырмыз. Сіздің өміріңіз, ерен еңбегіңіз келер жас ұрпаққа үлгі-өнеге деп білемін. Еліміз өсіп-өркендеп, күннен-күнге құлпыра түсуде. Бесіктегі баладан, еңкейген қартқа дейін бейбіт те тоқшылық заманда өмір сүргеніне бақытты деп білемін. Айналамызда, өзге елдерде болып жатқан ұрыс-керіс, тапшылық, Құдайға шүкір, бізде жоқ. Мұның бәрі Сіздің, Нұрсұлтан Әбішұлы, ұлтты ұйыстырып, дұрыс саясат жүргізіп отырғандығыңыздың арқасы. Осы даналықтан арылмаңыз! Ұзақ өмір сүріңіз!». Тараз қаласы, 11 шағын ауданы, 8 үй, 17 пәтердің тұрғыны Айткүл Саттарқызының осы жүрекжарды тілегіне байланысты жуырда Астанадан төмендегідей хат келді. Онда: «Құрметті Айткүл Саттарқызы! Жаңа жылмен құттықтап, жақсы тілектеріңізді айтып жазған хатыңыз бен өлеңдеріңіз Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевқа таныстырылды. Президент құттықтауыңыз бен өлеңдер арнаған ізет-құрметіңіз үшін Сізге алғысын және зор денсаулық пен бақыт тілеген сәлемін жеткізуді тапсырды.

М.Қасымбеков, Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің бастығы» делінген. Отбасы, ошақ қасында отырса да, елдегі тірлікке риза болып Елбасына алғысын айтқан анаға «Ақ жол» газеті ұжымы да, оқырмандары атынан рахмет айтады. «Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар