Жүректерге жол тартқан әндер

 Жүректерге  жол тартқан әндер
ашық дереккөз
Жүректерге жол тартқан әндер

Олжас Отардың сөздеріне жазылған ән дискісі шықты

Айтыскер ақын Олжас Отардың сөздеріне жазылған «Аға» атты ән жинағы жарық көрді. Жинаққа ақынның сөздеріне жазылған бас-аяғы жиырма бір ән енген. «НұрНаз» студиясында жазылған дискідегі әндерді белгілі сазгерлер Бауыржан Есебаев, Құрмаш Махан, Әбен Шалқаров, Махамбет Түгелбаев, Жандос Омаровтар жазса, ақынның өз шабытынан туған саздар да көпшілік тыңдарманға жол тартқан. 

Жинақтағы жиырма бір әннің арасында бұған дейін танымал әншілер Қайрат Нұртас, Ернар Айдар, Саят Медеуовтердің орындауындағы «Ауырмайды жүрек», «Шыда, жүрек», «Ақтамақ», «Ұмыттың ба?», «Көріскенше, менің аяулым» атты хит әндер талғампаз тыңдармандардың жүрек қылын шертетіні сөзсіз. Ал жергілікті талантты әншілер Мадина Сағынбекова, Ғани Мәтебаев, Ринат пен Перизат, «Әдемі-ай» секілді дуэттердің шырқауындағы «Ағайын», «Жылдар мен Жолдар», «Ақ құсым» және «Аңсаған арманым» әндері де әнсүйер қауымды әдемі әсерге бөлейді деп сенеміз. Өйткені, ақынның жүрекжарды өлеңдерінің терең мағыналы жолдары әуезді ырғақтармен тіпті әрлене түскен. Жинақтағы басқа да өнерпаздардың орындауындағы ақын Олжастың сөзіне жазылған дүниелер жұртшылыққа жан сергітерлік рухани азық болары анық.

Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар