«Түрінде ғана емес, тілінде де бірдеңе бар»

«Түрінде ғана емес, тілінде де бірдеңе бар»
ашық дереккөз
«Түрінде ғана емес, тілінде де бірдеңе бар»
139909402753647b0ba33974Бауыржан Момышұлы.

«...–Тәте, баяғы Ғазiретi Ғали сияқты, майданда жауды жайпап жүрген Бауыржан деген батыр балаңыз осы,– дедi Сәбит Жамбылдың құлағына дауыстап. – Талай немiстi қырып салған нағыз ердiң ерi. Соғыстан келiп едi, ендi соғысына қайта кеткелi жатыр. Сiзге сәлем берiп, батаңызды алып кетемiн,–деп келдi. Жамбыл менiң бетiме сығырая қарады. Оның сынап отырғанын байқап, мен де қабағымды түйiп, оған тiке қарадым. Содан соң Жамбыл Сәбитке қарай мойнын бұрды да: – Мына қызыңды... түсi тым суық екен, батыр болса, болар! – дедi. Сәбит оған қарық болып күлiп жатыр. Менде үн жоқ. Жамбыл күлместен маған қайта қарады: – Батыр болсаң, сен Өтеген мен Сұраншыдан күштiмiсiң, соны айтшы? – дедi. Мен ойланбастан жауап бердiм. – Өтеген қаптап келе жатқан өрт сияқты да, Сұраншы сарқырап аққан су сияқты батыр болатын. Дүниеде от пен судан күштi жоқ. Мен ол екеуiнiң ешқайсысына пар келе алмаймын. Мен – оттың ұшқыны, судың тамшысы ғанамын, Жәке! – дедiм. Жәкеңнiң өлеңiнде өзi айтатын «борға малған» сақалы шошаң-шошаң етiп қалды. Ол атамыздың күлгенi екен. Ендi көзi шырадай жанып, жылы ұшқын шашып, тағы да Сәбитке қарады. – Әй, Балуан, мынауыңның түрiнде ғана емес, тiлiнде де бiрдеңе бар екен, қоныңдар, – дедi.

Ұқсас жаңалықтар