Мәжіліс депутаттығына ең жас кандидат 26-да

Мәжіліс депутаттығына ең жас кандидат 26-да
ашық дереккөз
Мәжіліс депутаттығына ең жас кандидат 26-да

Биліктің жергілікті өкілдік органдарының алдағы сайлауына әйелдер саяси белсенділік танытуда. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

«Орталық сайлау комиссиясы 234 кандидатты қамтитын алты саяси партияның тізімін тіркеді. Олардың ішінде 187 немесе 79,9 пайызы ер адам және 47 немесе 20,1 пайызы әйел адам. 233 кандидаттың жоғары білімі бар. Әрбір төртіншісі - инженер, ал әрбір бесіншісі экономист немесе заңгер. 67 кандидат (28,6 %) беймемлекеттік меншік нысанындағы ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, 47-сі (20,1 %) - V шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаттары. Тіркелген кандидаттардың орташа жасы - 52 жас, ал олардың ең жасы - 26 жаста», - деді ол.

ҚР ОСК баспасөз қызметінің нақтылауынша, 26 жастағы кандидат «Нұр Отан» партиясының атынан ұсынылып отыр. Ол Қызылорда локомотивтік-пайдалану депосы машинисінің көмекшісі - Геннадий Шиповских.

Ұқсас жаңалықтар