«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

АҚШ миллиардерінің таңдауы қазақ студентіне түсті

АҚШ миллиардерінің таңдауы қазақ студентіне түсті
ашық дереккөз
АҚШ миллиардерінің таңдауы қазақ студентіне түсті

Әлемнің ең бай әрі жомарт адамдарының бірі Стивен Аллен Шварцман білімі терең, ойы озық, көш бастауға лайық жастарға 100 млн доллар бөлмек, деп хабарлады  www.24.kz. Және олар әлемдегі үздік ЖОО-ның бірі Қытайдағы Цинхуа университетінде тегін білім ала алады. Биыл миллиардер тағайындаған гранттың алғашқы 100 иегері анықталды. Іріктеуден өткен 3 мың студенттің арасында қазақстандық тәлімгер бар.

«Форбс» журналының тұрақты кейіпкері, сол басылымның дерегі бойынша 12,6 млрд АҚШ долларының иегері Стивен Аллен Шварцман 2013 жылы жомарттықтың айрықша үлгісін көрсетіп, 100 млн доллар қаржысын білімге құятыны жөнінде жариялады. Осылайша америкалық миллиардердің желеуімен АҚШ-тың - 50, Қытайдың - 25, ТМД-дан небары екі студент Цинхуа университетіне жолдама ұтты Соның бірі - Әлібек Нұркеш.

«Мені ойымша, әлемнің алпауыт экономикасына айналған Қытайдың мәдениеті, экономикасын түсіну кез келген болашақ маманға, көшбасшыға керек-ақ. Содан болар, мен 3 курстан Қытайда оқуды армандадым. Басқа достарым сияқты Америка, Англияда емес, Қытайда оқыған үлкен мүмкіндіктер әкелетінін ұқтым», - дейді Назарбаев Университетінің 4 курс студенті Әлібек Нұркеш,

. Экономика және бизнес, халықаралық зерттеулер, бұқаралық саясат бағыттары бойынша білім алып жатқан студенттерден бұл білім додасына түсу үшін 4 түрлі тақырыпта эссе жазу тапсырылған. Әлібектің айтуынша, сол жұмыстардың терең мазмұны, сарабдалдығынан бөлек, қазылар ол жастардың осы күнге дейін жасаған еңбектерін, жетістіктерін түгел Әлібек Нұркеш саралайды. Ал Лондонда өткен шешуші кезеңде Еуропаның беделді тұлғалары үздік шәкірттерден сұхбат алған.

 «Интервьюді көптеген белгілі кәсіпкерлер мен саясаткерлер алған болатын. Олардың қатарында Исландия президенті, ағылшын банктерінің төрағалары және шәкіртақының негізін қалаушы Стивен Шварцман бар. Ең бірінші эссе әлемде болып жатқан мәселені алып, талқылап, шешу жолдарын ұсыну керек болды. Екіншісінде өмірдегі көшбасшылық тәжірибемізді жаздық. Мен AIESEC жастар ұйымы туралы жаздым», - деді Әлібек.

. Биыл өзі оқып жатқан Назарбаев Университетін тәмамдаған соң, Әлібек Қытайдың үздік жоғарғы оқу орнына магистрант ретінде қабылданбақ. Экономикасы көш ілгері елдің жетістіктерінің қыр-сырын меңгеріп келген соң, Алматы облысындағы қарапайым ауыл мектебінің түлегі «Қазақстанды азулы елдер мемлекеттер қатарына қосуға бар білімімді сарп етемін», - дейді.

Ұқсас жаңалықтар