Қырғызстанда қазақстандық фильмді көрсетуге тыйым салынды

Қырғызстанда қазақстандық фильмді көрсетуге тыйым салынды
ашық дереккөз
Қырғызстанда қазақстандық фильмді көрсетуге тыйым салынды

ъхБішкектің ауданаралық соты қазақстандық «Регион 13» фильмін Қырғызстан аумағында көрсетуге тыйым салды. Оған Қырғызстандағы «Айкол Ала-Тоо» қоғамдық ұйымының арызы түрткі болған.

Қоғамдық қор өкілдерінің пікірінше, картинада 2010 жылы сәуірдің 7-сі күні Құрманбек Бакиев биліктен кетірілген Қырғызстандағы Сәуір төңкерісі кезінде қаза тапқан адамдар есірткі заттар қолданғаны көрсетіледі. Ал фильмнің Қырғызстандағы продюсері кинокартинаның ол оқиғаларға қатысы жоқ екенін айтады.

“Фильмнің трейлерінде сәуірдің 7-сі күні және маусым оқиғасы кезінде жігіттердің есірткі қолданғаны айтылады. Біздің сотқа арыздануымызға осы түрткі болды. Картина сәуір оқиғасы кезінде қаза тапқан адамдардың атына кір келтіреді”, – дейді «Айкол Ала-Тоо» қоғамдық қорының басшысы, депутат Меербек Мискенбаев.

Мискенбаев ұйым мүшелерінің фильмді толық көріп шықпағанын мойындайды. Сотқа арыздануға фильмнің ғаламтордағы үзіндісі жеткілікті болған.

Ұқсас жаңалықтар