Қайран қазақ даласы

Қайран қазақ даласы
ашық дереккөз
Қайран қазақ даласы
Хандығым бар хақты сүйген, Ұлы Далам көшінде, Тағдырым бар таққа мінген, асқар таулар төсінде. Жаңбырым бар, маңдайыма ақиқат нұр төгілген, Ән-жырым бар, тәуелсіздік ту түсірген көгімнен. Қайратына қыран қонған қайран қазақ даласы, Барлық тауы хандық құрған хан секілді қарашы. От жалынды кішіпейіл, өр рухты баласы, Менің далам – хандық құрған хандарымның анасы. Әділдікті ту ғып тігіп Жәнібек пен Керейім, Биіктеткен әрқашанда қазағымның мерейін. Қасым ханның «Қасқа жолын» мен өзімше өрейін, Сұлтандығым бойымда тұр, несіне айта берейін. Тоқтаған жоқ әлі күнге ұлы дәуір арбасы, «Нұрлы жолым» секілді дүр сол жолдардың жалғасы. Менің тілім – сол заманның өткір қылыш алмасы, Ал жүрегім – тасқа басқан тағдырлардың таңбасы. Орда тіккен айбатым бар, менің зеңгір арқамда, Ел қорғағам қолымды сап қанаты бар қалқанға. Ей, адамзат, сырым теңіз, менің жырым тарқар ма, Хан тағымның орындығы от шашып тұр картаңда. Тұр ғой әне қырат белдің құшағында таң күліп, Хандық тойдың есігінен шашу шашар сән құрып. Көкіректе ақындықтың аспан даусы жаңғырып, Қыран қанат кеудемде құс саңқылдайды мәңгілік!

Дәулетхан БӘЗІЛ.

Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар