Орыс оқушыларының намазы жұртты қайран қалдырды (ВИДЕО)

Орыс оқушыларының намазы жұртты қайран қалдырды (ВИДЕО)
ашық дереккөз
Орыс оқушыларының намазы жұртты қайран қалдырды (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәскеу қаласындағы мектептердің бірінде оқитын бір топ оқушы жақында ғана жамағатқа есігін айқара ашқан Орталық мешітке келіп, саяхат жасап қайтты. Ғаламтор желісіне жүктелген видеода олардың сыныптастарына еліктеп, намаз оқығаны көрсетілген. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында видео тез арада танымалдыққа ие болып үлгерген. Фейсбук желісінің қолданушы Анвар Омаров есімді азамат видеодағы намаз оқып тұрған оқушының ұлы Давуд екенін жазған. Бесін намазына тап келген Давуд мешітте намаз оқуға ниет етеді. Ал сыныптастары болса, оның соңынан сап түзеп, көргендерін қайталай бастайды. Оқушыларды видеоға сынып жетекшілері түсіріп алған, деп жазады muslim.kz.

Ұқсас жаңалықтар