«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Есептей білгеннің есесі кетпейді

Есептей білгеннің есесі кетпейді
ашық дереккөз
Есептей білгеннің есесі кетпейді

Отын-энергетика ресурстарын үнемдеу барлық салаларда ауқымды мәселелердің бірі болып табылады. Энергия үнемдеу саясатында отын-энергетика ресурстары шығындарын бақылау мен есептеу құралдарын орнатуды ұйымдастырудың маңызы зор. Аталмыш есептеу және бақылау құралдарынсыз келесі кезеңге, яғни, шығындарды азайту кезеңіне өту мүмкін емес. Департамент қызметіндегі басымдықтардың бірі нормативтік және нормадан тыс ысыраптарды азайту мақсатында энергия тасымалдайтын компаниялар үшін тұрмыстық деңгейдегі автоматтандырылған электр энергияны бақылау және есепке алу жүйесін (АСКУЭ) енгізу болып табылады. Қазіргі таңда облыс бойынша есептеу аспаптарының қажеттілігі 239616 абонентті құрайды. Орнатылғаны – 62641. Есептеу аспаптары (АСКУЭ) – 26,1 пайыз. Облыста тұрмыстық салада автоматтандырылған электр энергияны бақылау және есепке алу жүйесін енгізу Мемлекет басшысының 2012 жылдың мамыр айында өңірге жасаған іссапары кезінде жоғары бағаланды. Осы бағдарламаны Қазақстанның барлық облыстарында дамыту жөнінде Үкіметке міндет жүктелді. Сонымен қатар, мемлекет әрбір пәтерде нақты қанша жылу жұмсалатынын анықтай алатын есептеу аспаптарын бірлесіп енгізу керек деген мәселені бұрыннан қозғап келеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 шілдедегі «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңына реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарын сатып алуға және орнатуға қатысты нормалар енгізілген. Мысалы, Заңның 7-бабының 9-тармағына сәйкес табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жасалған шарттарға сәйкес сатып алуға және орнатуға міндетті. Департаментпен Департаменттің осы бағытта жүргізілген мақсатты жұмысы нәтижесінде табиғи монополия субъектілерімен облыс бойынша 2015 жылдың 1 қарашасына үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптарының жабдықталуы – 67,5, жеке суық суды есептеу аспаптарының жабдықталуы – 88,5, жеке ыстық суды есептеу аспаптарының жабдықталуы 95,5 пайызды құрады. Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыс бойынша департаменті мамандарымен жүргізілген талдауға сәйкес, жылу энергиясын есептеу аспабы орнатылған жағдайда тұтынушы үшін жылу энергиясының құны орта есеппен алғанда 25 пайызға төмендейтіндігі анықталды. Есептеу аспабын орнатудан берілетін үнемдеу нәтижесі тұтас алғанда, 10-50 пайызға дейінгі аралықта. Ең жоғары үнемділік жылу маусымындағы жылы айларда (қазан, қараша, наурыз, сәуір) байқалады, яғни сыртқы ауа температурасы 0-ден жоғары болса, соған сәйкес әрбір көп пәтерлі тұрғын үй жылу энергиясын азырақ тұтынады және үйге ортақ жылу энергиясын есептеу аспаптарының көрсеткіштері нақты тұтынылған жылу энергиясын көрсетеді. «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңында табиғи монополиялар субъектісінің көрсетілетін қызметтеріндегі (тауарларын, жұмыстарын) тұтынушының міндеттері де қарастырылғаны туралы айтып өткен жөн. Мысалы, жоғарыда аталған Заңның 11-бабының 2 және 4-тармақшаларына сәйкес тұтынушылар үшін «Жасалған шарттардың талаптарына сәйкес реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарын сатып алу мен орнатуға уақтылы және толық көлемде ақы төлеуге, реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) есепке алу аспаптарының болуы міндетті» делінген. Өкінішке қарай, көптеген тұтынушылар үйге ортақ жылу энергиясын есепке алу аспаптарының үнемдеу тиімділігін түсінбей, оны орнатудан бас тартады. Осыған байланысты тұтынушылар реттеліп көрсетілетін коммуналдық қызметтерді есепке алу аспаптарын орнату мәселесін жан-жақты қарау қажет. Себебі, тұтынушылар есептеу аспаптарын сатып алу және орнату жұмыстарын жүзеге асыра отырып, еліміздің экономикасының бұдан әрі өсуіне бағытталған энергия үнемдеу жөніндегі республикалық бағдарламаны орындайды.

Бек МОМБАЕВ, табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыс бойынша департаментінің техникалық реттеу бөлімінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар