«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ИНДУСТРИЯ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗІ

ИНДУСТРИЯ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗІ
ашық дереккөз
ИНДУСТРИЯ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ НЕГІЗІ
[caption id="attachment_29598" align="alignleft" width="240"]73 Болат
Рысмендиев,
Талас ауданының
әкімі.[/caption] Біздің аудан негізінен индустриалды-аграрлы аймаққа жатады. Өйткені, өңір химия саласын дамытуда еліміздегі жетекші орынға ие. Бүгінгі таңда аумақтың әлеуетін арттыруда Елбасы тапсырмасын орындау үшін Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында ауданның экономикалық өсімін қамтамасыз ететін ішкі резерві жылына 15 мың тонна натрий цианидін шығаратын зауыттың құрылысы «зәкірлік» инвестициялық жобасы іске асырылды. «Talas Investment Company» ЖШС Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі натрий цианидін өндіретін тұңғыш химиялық зауыт болып есептеледі. Өнім өндіру барысында қалдықтарды кәдеге жаратуда жылына 5 мың тонна құнды минерал тыңайтқышы – сульфат алынатын болады. Жобаның жалпы құны 12,9 миллиард теңгені құрады. 2012 жылы «Ресей Жинақ Банкі» АҚ-ның еншілес банкі арқылы 5,7 миллиард теңге, оның ішінде «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасы аясында пайыздық ставканы субсидиялау бойынша 4,5 миллиард теңге, «Моноқалаларды дамыту 2012-2020» бағдарламасы бойынша 744 миллион теңге несие алды. Сонымен қатар, 2013-2014 жылдары газ құбырын, ауызсу, кәріз және техникалық су, жол, электр және байланыс желілерін жүргізуге жалпы сомасы 1469 миллион теңге көлемінде қолдау қөрсетілді. Қазіргі таңда натрий цианидін өндіретін зауыт іске қосылып, 1 тонна натрий цианидін және 70 тонна сульфат аммоний өндірді. Алайда қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жұмысы уақытша тоқтатылды. Жоба аясында жыл аяғына дейін 2 мың тонна натрий цианиді өнімін шығарады. Тұрақты 486 жұмыс орны ашылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 415 адам жолданды. Бұдан бөлек қосымша 66 адам қосалқы шаруашылыққа жұмысқа орналасты. 2015-2019 жылдардағы яғни екінші бесжылдықта облыс әкімдігінің 2015 жылғы 5 наурыздағы №40 қаулысына орай, ауданда жалпы құны 5 миллиард теңгені құрайтын 1 инвестициялық жоба өңірлік индустрияландыру картасына енгізілген. Ол жоба жүзеге асса, «Жамбыл Недр» ЖШС жылына 300 мың тонна М-400, 500 маркалы цементін өндіреді. Зауыт құрылысына 4 гектар жер телімі бөлінді. Зауытты іске қосқан жағдайда, 150-200 адам жұмыспен қамтылады. Қазіргі таңда зауыттың құрылыс жұмысына 212 адам тартылған, оның ішінде жұмыспен қамту орталығы арқылы 99 адам жолданды. Шикізат көзі ретінде «Ақтау-5» карьерінің әктасы мен топырағын пайдалану көзделіп отыр. Зауытқа керекті құрал-жабдықтар 540 миллион теңгеге Қытайдан әкелініп, 50 пайызы орнатылды. Карьерге электр желілерін жүргізуге жобалық-сметалық жұмыстар жасалынып, рұқсаттама құжаттары рәсімделуде. Ал мемлекет тарапынан карьерге баратын жолға құны 1,4 миллиард теңге жобаға көмек болмағандықтан, қазіргі таңда екінші карьерді алуды қарастыру үстінде. Карьерге электр жарығын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттары басқармаға өткізілді. Бұдан бөлек, қазіргі таңда зауыттың өзіне инфрақұрылым жүргізуге жобалық сметалық-жұмыстар жасалынуда. Жалпы құрылыс жұмыстарының 85 пайызы жүзеге асты. Республикалық Индустрияландыру картасына 2018 жылға енгізілген тағы бір жоба – «ЕвроХимТыңайтқыштар» ЖШС «Минералды тыңайтқыштарды өндіру химия зауытының құрылысы». Жобаның жылдық қуаты 1400 мың тонна минералды тыңайтқыштар өндіруге лайықталған. Жобаның құны – 356,6 миллиард теңге. Жоба іске қосылғанда, 400 жаңа жұмыс орны ашылады. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстар жалғасын табады. Ағымдағы жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 5308,1 миллион теңгені құрады. Алайда, көрсеткіш былтырғы сәйкес мерзіммен салыстырғанда кеміп, 71,1 пайызды құрап отыр. Инвестиция көлемінің азаюына натрий цианидін шығаратын зауыт құрылысының 2014 жылы аяқталуы себеп болып отыр. Инвестициялардың құрамына «Talas Investment Company» ЖШС-нан 1178,6 миллион теңге және «Жамбыл Недр» ЖШС-нан 1174,4 миллион теңге тартылған. Аудан халқының жан басына шаққандағы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 99,1 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың 9 айында 141,2 мың теңге болған-ды. Инвесторлар тарту бойынша да жұмыстар атқарылуда. «Каратау ПРО» ЖШС-да жылына 200 мың тонна мәрмәр тасын өңдеп шығаратын зауыт соғылуы тиіс. Жобаның құны 1143,7 миллион теңгені құрайды. Қазіргі таңда Қаратау қаласынан зауыт соғылатын жер теліміне байланысты жұмыстар жүргізілді. Зауыт іске қосылған жағдайда 200 адам жұмыспен қамтылады. Карьер толықтай геологиялық зерттеуден өткізілді. Қазіргі таңда 18 адам жұмыспен қамтылған. Құрылыс жүргізетін орындарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, «КСМ Жаңатас» ЖШС жылына 100 мың тонна әктасын өңдеп шығаратын зауыт соғуды жоспарлауда. Жобаның құны – 4,5 миллиард теңге. Қазіргі таңда зауыт соғылатын жер телімі мәселелері туралы жұмыстар жасалуда. Зауытты іске қосқан жағдайда 120-150 адам жұмыспен қамтылады. Жеке кәсіпкер «Мусаев» жылына 1 миллион тонна М-325, 425, 525 маркалы цемент шығару үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуді қөздеуде. Жобаның құны – 27 миллиард теңге, жобаға сәйкес 210 адам жұмыспен қамтылады. Шикізат көзі ретінде Сүлейменсай-1 кенішінің әктасы мен топырағы пайдаланылады. Қазіргі таңда зауыт соғатын жер телімі анықталу үстінде. Жалпы, ауданда сүт және ет өнімін өндіретін цехтар жоқ. Сондықтан, бұл мәселені шешу үшін тәулігіне 2 тонна сүт өнімдерін (май, сыр, ірімшік) өндіретін цех ашу мақсатында жұмыстар жасалуда. «Zuma» ЖК (Ж.Қалхаманов) құжаттарын екінші деңгейдегі банкке өткізді. Жобаның құны 20 миллион теңгені құрайды. Кәсіпорын толық қуатында жұмыс атқарғанда 3 адам жұмыспен қамтылады. Кәсіпорынды шикізатпен қамтамасыз ету үшін 2 жерге сүт сақтайтын мұздатқыш орнату көзделіп отыр. Сүт өнімін әрдайым алып тұру мақсатында шаруашылық иелерімен келісімдер жасалды. Ауданда «Атамекен Мрамор Көктал» ЖШС мәрмәр тасынан плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке арналған табиғи тастар шығарумен айналысады. Жобаның құны 15 миллион теңгені құрайды. Жылына 20,7 мың тонна ұнтақталған тасты өңдеп, 103,6 миллион теңгенің затын шығаратын болады. Қосымша 6 жұмыс орны ашылады. «Азмина Мрамор» ЖШС мәрмәр тасынан плиталық тастар, баспалдақтар, кірпішке арналған табиғи тастар шығарумен айналысады. Жобаның құны 20 миллион теңгені құрайды. Жылына 32 мың тонна ұнтақталған тасты өңдеп, 150 миллион теңгенің затын өндіреді. Қосымша 8 жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда құрал-жабдықтардың қаражаты төленіп, орнатылуда. Алдағы уақытта «ST Power» ЖШС қуаты 50 мВт күн электр стансасының құрылысын жүргізу, «Sapsan Commerce» ЖШС-да жаңғыртылған энергия көздері саласында және «ТСК Соnstruction Enerqe» ЖШС-да күн стансалары жобалары жоспарлануда. Биылғы жылы жалпы құны 1200 миллион теңгені құрайтын 2 инвестициялық жоба іске асырылды. Мысалы: «Talas Investment Company» ЖШС жиналмалы ыдыс қораптарын шығарумен айналысуда. Жылына 150 мың дана, сыйымдылығы 50 кило болат барабан және 18,75 мың дана сыйымдылығы 400 кило ағаш жәшік дайындайды. Жобаның құны 412 миллион теңгені құрайды. Тұрақты жұмыспен 40 адам қамтылды. Сондай-ақ, сағатына осы зауыттан шыққан 14 тонна техникалық суды биологиялық тазалаудан өткізетін құрылғыны іске қоспақ. Жобаның құны 787,8 миллион теңгені құрайды. Тұрақты жұмыспен 24 адам қамтылып отыр. Міне, осындай бағыттағы жұмыстар толық аяқталғанда, ауданның экономикасы дамып, бюджет түсімі молайып, әлеуметтік сала жақсара түсетініне сеніміміз мол.

Талас ауданы.

Ұқсас жаңалықтар