Бес жоба іске асырылады
Т. Рысқұлов ауданы – нағыз ауыл шаруашылығын өркендетуге қолайлы өңір. Түгін тартсаң майы шығатын, жері құнарлы өңір жыл өткен сайын қарыштап дамып келеді. Ауданда мемлекеттік бағдарламалар жүйелі жүзеге асырылуда. Агросекторда көптеген инновациялық жобалар қолға алынуда. Индустриялық-инновациялық бағдарламалардың да жүзеге асуы көңілді тоғайтады. Бұл ретте аудан әкімі Жарылқасын Айтақов пен өңірдің экономикалық тұрғыдан өсуіне ықпал етіп жүрген барша азаматтардың еңбегі ересен екені анық. Талай бұлбұлдар мен дүлдүлдер, ақындар мен спортшылар, ғалымдар дүниеге келген ырысты өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігін Т.Рысқұлов ауданына арналған арнайы беттен оқи аласыздар. Елбасымыз Н.Назарбаевтың тікелей қолдауымен елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға барлық қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Осы саланы мемлекет әлеуетін арттырушы буын ретінде қалыптастырып, елімізді индустрияландыру Президенттің халыққа биылғы Жолдауында тағы да айқындалып отыр. Бұл мәселелер Елбасының бес халықтық реформасында да кеңінен көрініс тапқаны белгілі. Қазіргі күні елімізде іске асырылып, өзінің өміршеңдігін көрсеткен кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие, көмектер алып, өз кәсібін өркендетіп жатқан құландықтар қатары өсуде.
Бүгінде елімізде қарқынды іске асырылып отырған Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында да аудан аумағында қолға алынған жобалар аз емес. Соның бірі – 2015 жылы осы бағдарламаға енген, құны 8 миллиард теңгені құрайтын «GOLDEN COMPASS CAPITAL» АҚ-ның Қорағаты ауылдық округінің «Көкқия» шатқалындағы «Алтын өндіру» жобасы. Аталған жоба толық іске қосылған жағдайда, жылына 400 келіге жуық таза алтын өндірілетін болады.
2015-2017 жылдар аралығында жалпы жобалық құны 18 миллиард теңгеге жуық 5 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Нақты тоқталсақ, 24 мегаватт күн сәулесі қуатын өндіретін «Aguila Solar» ЖШС жобасы. Оның құны 9,2 миллиард теңгені құрайды. Бұл үшін 74 гектар жер телімі бөлініп, «Аймақтарды дамыту» бағдарламасына енгізілді. Жоба құрылысы қолға алынса, 100 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде. Екіншісі – «Бройлер етін өндіру кешенінің» жобасы, құны – 100 миллион теңге. Жылына 10 000 тонна ет өндіреді. Қазіргі таңда жер бөлу, жұмыс жобасы секілді тірліктер атқарылып жатыр. Күн сәулесінен 50 мегаватт қуат өндіретін «Компания А&Т энерго» ЖШС жобасының құны – 10 миллиард теңге. Бұл құрылыс іске асқан кезде 130 адам жұмыспен қамтылатын болады. «Астана» шаруа қожалығы сүт өнімдерін өндіру цехын іске қоспақ.
Аудан аумағында туризм саласын дамытуға байланысты өзге де мақсатты жұмыстар қолға алынып жатыр. Осы жұмыстар аясында аудан аумағындағы тарихи орындар мен ескерткіштердің, киелі мекендер мен табиғаты әсем жерлердің, тау, жылқымен саяхат, аңшылық, балық аулау, авторалли саяхатына қолайлы орындардың ауылдық округтер бойынша тізбесі және аудан аумағының қарапайым «Туристік картасы» дайындалды.
Мұратбек АРЫСТАНБЕКОВ, аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсатты игерілген қаржы – даму динамикасының кепілі
- 21 қараша, 2024
Жобалық менеджментті жетілдіруде
- 14 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді