Ел әскерімен айбарлы

Ел әскерімен айбарлы
ашық дереккөз
Ел әскерімен айбарлы

Әскерилер тындырған тірліктер талқыланды

Ағымдағы жылғы азаматтарды күзгі мерзімді әскерге шақыру науқанын ұйымшылдықпен өткізу мақсатында облыстағы қорғаныс істері жөніндегі департамент аумақтағы жергілікті әскери басқару органдары басшылары және келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді қабылдау және әскерге шақыру бөлімі мен бөлімшелері бастықтары, Тараз қаласы мен аудандардың әкімдерінің орынбасарлары, әскер қатарына шақырушылардың денсаулығы жарамдылығын тексеретін облыстық жинақ пункті дәрігерлерінің қатысуымен екі күндік нұсқаулық - әдістемелік сабақтар өткізді. Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков қатысып, сөз сөйледі. Бұдан кейін облыстағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшысы полковник Бақыт Әбдібаев азаматтарды биылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру қорытындысы бойынша департаменттің республикадағы жергілікті басқару органдары арасында бірінші орынды иеленгендігін жеткізіп, осынау игі іске сүбелі үлес қосқан әскери қызметшілер мен медицина мамандарына марапаттауларын тапсырды. Жиында 2014 жылы және ағымдағы жылдың осы кезеңіне дейін әскери құрылымдарда орын алған құқық бұзушылықтар мен әскери қылмыстарға жасалған талдау және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырып өткізуді айқындайтын қолданыстағы заңнама талаптарын қадағалау бойынша аумақтағы жергілікті әскери басқару органдары лауазымды адамдарының тікелей жауапкершіліктері, сонымен қатар, жергілікті әскери басқару органдары басшыларының дайындықтары туралы «Оңтүстік» аймағының әскери прокуроры, әділет полковнигі Ермек Жанатаев баян етті. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары мен Қорғаныс министрі бұйрықтарының талаптары жөнінде, Тараз гарнизоны әскери полиция бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша аға офицері, әділет майоры Ғалымжан Тлеужанов, мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты орын алған әскери құқық бұзушылық пен қылмыстар талдауы, сондай-ақ жергілікті әскери басқару органдарында қылмыстардың алдын алу шаралары туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Тараз әскери-тергеу бөлімі заң жұмысы бөлімінің бастығы Досжан Мамырбаев хабарлады. Сондай-ақ, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы шараларды күшейту жайлы облыс бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің кеңесшісі Серік Алибеков, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қағидалары, құқық бұзушылық түрлері, олардың салдары мен кінәлілердің жауапкершіліктері жөнінде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі кеңестің мүшесі Қайрат Нұрманбетов, арнайы тексеріс материалдарының рәсімделу мен жолдау тәртібі туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің облыс бойынша департаментінің өкілі, капитан Олжас Минажов пен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті басқармасының заң кеңесшісі Эльмира Измаганбетова, деструктивті діни ұйымдар және радикалды діни ағымдар идеологиясының алдын алу мен қарсы тұру бойынша дінтану магистрі – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының аға оқытушысы Таңжарық Тұрғанкұлов баяндамалар жасады. Сондай-ақ, Тараз гарнизоны әскери полиция бөлімінің өкілі, автоинспектор, капитан Айдар Мырзалиев, өз баяндамасында жол-көлік апатының көбінесе жүргізушілердің алкогольді ішімдіктер қабылдауы, жол ережесін сақтамауы, жылдамдықты қалыптан тыс жоғарылатуы, автокөліктің уақтылы техникалық тексеруден өтпеуі салдарынан туындайтындығына көптеген мысалдар келтіріп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жеке автокөлігі бар жүргізушілердің иелігіндегі көліктерді техникалық байқаудан уақтылы өткізуі, қысқы кезеңде қауіпсіздік шараларын және жол ережелерінің сақталуын қатаң қадағалауы қажеттігін ескертті. Басқосуды қорытындылаған облыстағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің бастығы, полковник Бақыт Әбдібаев жиналғандарды ортақ іске қосар үлесі мол мұндай іс-шаралардың алдағы уақытта да сәтімен сабақтасып, жалғастық табатындығынан хабардар етті.

Гауһар ҚОСЖАНОВА, облыстағы қорғаныс істері жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы.

Ұқсас жаңалықтар