Сарысу

Сарысу
ашық дереккөз
Сарысу
Ақтоғай ауылының тұрғыны болған,Ұлы Отан соғысының ардагері, ұста Иса Сауытбекұлының 500 килограмдық су диірмені Т.Мақашев атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылды. Өңір тарихынан сыр шертетін орын осылайша тағы бір жәдігермен толықты. Майдангер ұстаның 1953 жылы жасаған диірмені Ақтоғай ауылындағы өзеннің сарқырамасына орнатылып, аудан тұрғындарына ұн тартатын орынға айналған. 1977 жылы әкесі өмірден өткен соң, ұлы Тахир диірменмен ұн тартуды одан әрі жалғастырып, ел үшін қайырымды іс атқарып келді.

Ұқсас жаңалықтар