Бауыржан Момышұлы

Бауыржан  Момышұлы
ашық дереккөз
Бауыржан Момышұлы

* Бақаның бағынан сұңқардың соры артық. * Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындық. * Отан үшін отқа түс, күймейсің. * Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған ана тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, бар тарихымызды ұмыту. * Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті. * Ешкім іштен батыр болып тумайды: батырлық та, мінез секілді өскен орта, көрген тәрбиеге байланысты қалыптасады. * Ата-ана қадірін білмеген – ел қадірін біле алмас, Ел қадірін білмеген – ата-ана қадірін біле алмас. * Қазақ тілі – сұлулығымен бой балқытып, тамыр шымырлататын, жан жүйеңді жандырып, құлақ құрышын қандыратын, өткірлігімен қысылтаяң тұста ер мен елге бірдей медет беріп, адам түгіл жағдайдың өзінің аузына құм құятын ғажайып кемел тіл. * Әділдікті мойындау – адал кісінің ісі. * Опасыздық – ойсыздық. * Қуыс кеуде болғаннан артық қорқыныш та, қорлық та жоқ. * Намысты нанға сатпа. * Қарабет болып қашқанша, қайрат көрсетіп өлген артық. * Именіп жүріп көрген игіліктен, қарсыласып жүріп көрген бейнет артық. * Өтіріктің балын жалап тірі жүргенше, шындықтың уын ішіп өлген артық. * Батырлық тәуекел мен ақылдың есебінен шығуға тиіс. Тәуекел кейде ақылды да ақтап алады. Ал ақылсыз тәуекелді ештеңе де ақтап ала алмайды. * Ерлік – тайсалмас табандылық пен қайыспас қайсарлықтан шығады. * Өршіл рухтан – өлмес ерлік туады. * Жерге – тер төгіп, халыққа – қан төгіп қызмет етуден тайсалма! * Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген ел – құл болмайды.

Ұқсас жаңалықтар