Құрбан айтта иесінен қашқан қой ғаламторда жұлдызға айналды

Құрбан айтта иесінен қашқан қой ғаламторда жұлдызға айналды
ашық дереккөз
Құрбан айтта иесінен қашқан қой ғаламторда жұлдызға айналды

Татарстандағы Құрбан айт мерекесі ерекше оқиғамен есте қалары анық.

Құрбандықтан қашқан қой Қазан қаласының қақ орталығында жұртты біраз әбігерге салды, деп жазады Лента.ру «Сибкрай.ру» сайтына сілтеме жасап. Оқиға куәгері түсіріп алған видеодан байқағанымыздай, қойдан айырылып қалған төрт түліктің қожайыны оның соңынан қуып жете алмай, біраз тер төгуге тура келді. Жүйрік қойды ұстау үшін бірнеше автожүргізуші атсалысқан. Жарты қаланы жүгіріп өткен қой ақыры қолға түсті. Бір қызығы, Новосібір қаласының орталығында да жергілікті жұрт иесінен қашқан тағы бір қойды көріпті. Қой қаланың мэриясы жанынан мұражай арқылы автовокзал жаққа қарай бет алған. Тағы бір қой осы қаланың Каменская көшесінде итпен бірге көгалда жайылып жүріпті.

ақпарат көзі nur.kz

Ұқсас жаңалықтар