«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Құпия шежіренің» құпиясы

«Құпия шежіренің»  құпиясы
ашық дереккөз
«Құпия шежіренің» құпиясы

13Қытайдан атамекеніне оралған қандасымыз, көне қытай, көне ұйғыр тілінің маманы Тілеуберді Абенайұлы бұдан бұрын «Нұрлы әлем» баспасынан «Шыныңа көш тарих! Шыңғыс хан кім?» және «Ата жазу алыстан сыр қозғайды» деп аталатын қос ғылыми-зерттеу кітабын шығарған болатын. Жақында ол «Құпия шежіренің» құпиясы» атты 600 бетке жуық кітап шығарды. Бұл еңбек әйгілі «Моңғолдың құпия шежіресі» атты бастау мәліметтің түп нұсқасын қазақ тіліне аудару және талдау негізінде жазылған. Осыған орай біз ұлы қаған Шыңғыс ханның шыққан тегі, ана тілі, ата діні турасында тың да құнды мәлімет беретін кітап авторын әңгімеге тартқан едік.

– «Моңғолдың құпия шежіресі» нақты қай тілде жазылған? – Көне қытай тілінде жазылып, қолдан-қолға көшірілген. Бірақ түп нұсқасы сақталмаған. Бұл ірі тарихи шежіре қытай тілінде үш түрлі мәтіннің қабаттасып келуімен 1860 жылдары батыстың ғылыми әлеміне танымал болды. Бірінші мәтін «жалпы аударма» деп аталынады, ол – таза қытай тілінде. Екінші мәтінді мен «моңғолша балама» деп алдым, яғни түрікшеден моңғолшаға бұрмаланып аударылған, бірақ қытай иероглифімен жазылған. Үшінші мәтін моңғолша баламаны тұспа-тұс қытайша аударып отырған. – Сіз осы үш нұсқаның қайсысын пайдаландыңыз? – Менің пайдаланып отырғаным және бізге кеңінен танысы – «Гу нұсқасы». «Гу» – бұл көшіріп сақтаған адамның ныспысы. «Гу нұсқасы» біздің заманымызға жеткен және дүниеге кең танылған ең негізгі нұсқа деп саналынады. Мұнда екі түрлі қытай мәтіні және моңғол тіліндегі мәтін жарысып отырады. Мен моңғол тіліндегі мәтіннің ішіндегі түрікше сөздерді, түрікше ру, жер-су аттарын түгел қалпына келтірдім және жолма-жол аударма жасап отырдым. Ең соңында бұл шежіренің негізгі атын қалпына келтірдім. Кітаптың негізгі аты ешқандай да «Моңғолдың құпия шежіресі» емес, «Шыңғыс қағанның қузауыры» деп аталады. «Қузау» – түбін қузау, қазу, ақтару деген қазақтың төл сөзі. Қытай тілінде осылай жазылған. Менің аудармам бұдан бұрынғы аудармалармен көлемі жағынан ұқсас болғанымен, мазмұны жағынан ешқайсысына да ұқсамайды. Менің аудармамда қазақтың үш жүзінің барлық рулары бар. Қазақтың көне шежіресіне мазмұндық және тарихи оқиғаның құрылымы жағынан көптеген мәліметтер сәйкес келеді. Қытайша және моңғолша бұрмаланған жерінің барлығын орнына келтірдім. Енді осының жалғасы «Түгел тарихтың түбінде не жатыр?» деген тақырыппен болашақта үшінші кітап болып шығады деп отырмын. Ондағы талданатын нәрселер Шыңғыс ханға қатысты Рашид-ад Дин жазған «Жамих-ат-тауарих» негізінде болады. – Сізше бұл көне шежіренің түп нұсқасы қай тілде жазылған? – Ақиқи түп нұсқасы араб харпымен түркі әдеби тілінде, яғни шағатай тілінің ең алғашқы нұсқасында жазылған деп есептеймін. Бұл кітапта көптеген аудармаларда «Шиғанқұдық» деп бұрмаланып жүрген, іс жүзінде руы татар, яғни қазіргі кіші жүз руынан шыққан Сызған Құтқа деген кісі жазған деп қараймын. Бұл кісі Шыңғыс ханның асырап алған інісі, шешесінің татардың жұртынан тауып алған баласы делінеді. Ол кісі – Шыңғыс ханның басқан-тұрғанын түгел көз алдынан өткізген және қағанға қатты ұнаған, оқыған, сауатты, ханның хатшысы болған адам. «Сызған» деген сөз жазып-сызудан шыққан, «хатшы» деген сөз, «Құтқа» – өз аты. Ұлытауда жатқан Алаша хан – осы Шыңғыс хан. Қазақтың «Алаш алаш болғанда, алаша хан болғанда, ала тай ат болғанда, таңбасыз тай болғанда, енсіз қой болғанда» деген өлең жолдары бір ұлы ханды еске салып тұр емес пе?! Орыс тілінде ертеде «Алаша хан және оның ұлы Жошы хан туралы аңыз» деп аталатын кітап та шығыпты. Баяғыда бала күнімізде үлкендер бізге Алаша ханды Шыңғыс хан деп таныстыратын. Шыңғыс хан туған «Онон» өзені – өзіміздің «Іле» өзені. Сенбесеңіз, мына кітапті оқып шығыңыз, оның бойында «Құлжа», «Шаты», «Түрген», «Қапшағай», «Шарын» деген жер аты бар. Өзіңіз ойлаңыз, дүниені билеген патша және басында миы бар, өмірдің рахатын білетін адам солтүстіктегі мұз құрсанған Сібір өлкесінде хандық құра ма, жоқ Іле сиияқты жер жаннатында құра ма?! «Іле» мен «Онон» сөзінің этимологииялық, лингвистикалық жақтан мазмұны бір. «Онон» – өсіп-өнген өзен деген сөз. «Іле» – ел өзені. Шыңғыс хан қазіргі жалайырлардың, үйсіндердің мекенінде өсіп-өнген, тегі жалайыр тайпасы, оның ішінде төре руы. «Жалайырдың ішінде «төре» руы бар» деп Рашид-ад Дин де нақты жазып қалдырған. Шыңғыс ханның кеудесіндегі жалайырдың «тарақ» таңбасын қытайлар шығарған кинодан да көрген шығарсыз. «Құпиия шежіреде» «Қаған өлгенде моласын жылқымен таптады, өлген жерін жасырды» деген бір сөз жоқ. Жошы ханның шыққан тегі меркіт деген де өтірік қоспалар қытай мен моңғолдар өздеріне бейімдеп, бұрмалап, өтірік қосқан шежірені малданып жүргеніміз өкінішті. Мен соны нақты дәлелдеп шықтым.

Bozbala сайты. Қытай елі.

Ұқсас жаңалықтар